Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құрылыс саласындағы инновациялар


28 февраля 2023, 15:39 | 776 просмотров


Құрылыс- халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі, онсыз ғылыми-техникалық прогресті, жаңа технологияларды дамытуды, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, қөлікке, әлеуметтік салаға арнап негізгі қорларды құруды елестетудің өзі қиын.

Ол үшін ,біріншіден құрылысқа отқа төзімді материалдарды қолдану. Екіншіден, құрылыстардың энергиялық тиімділігін арттыру керек.

Мәселен, Қазақстанда өрттi азайтуға болады. Бұл үшін жаңа инновациялық құрылыс материалдары қолданы­луы тиіс. Бүгінде әлемде қызыл жа­лын жоя алмайтын заманауи мате­риалдар ойлап табылған екен.

         Бүгінде әлемде қызыл жа­лын жоя алмайтын заманауи мате­риалдар ойлап табылған екен.

Қазақстанда енгізіліп жат­қан жаңа инновациялық өнім – «отқа төзімді жұқа тақтайша» еліміздегі отқа тө­зім­ділік бойынша ең жоғарғы шекке ие. Бұған қоса, шыныталшықтан жасалған «жылуоқшаулаушы жұқа тақтайшаның» да отқа жанбайтындығы анықталып отыр. Бұл материалдардың барлығы озық өнімдер болып саналады. Олардың елімізде енгізілуі Қазақстанның дамығандығын көрсетеді. Және бұларды тек жалғыз КНАУФ қана шығармайды, оның үлгілері барған сайын көбеюде.

Қазақстанда ғимараттардың энергия­лық тиімділігін арттыру керек,бұл жағдайда бүгінде республикада тұтылатын барлық қуаттың 44%-ын үнем­деуге болады, қуат тиімділігінің әлеуеті осын­ша зор!

Әзірге Қазақстан энергиялық тиімділік бойынша әлемдегі көшбасшы емес. Мыса­лы, 2000 жылдан бері жалпы ішкі өніміміз өндірісіндегі қуат шығындау көлемінің тө­мендеуі жылына небары 1,5% болып отыр. Дұрысы, 5 пайыздан жоғары болуы қажет.

Өйткені осы динамикадағы техноло­гияның үлесі тым аз және жылына 0,5 пай­ызға ғана жетеқабыл. Яғни жаңа техно­логиялар еліміздегі әр салаға дендей енсе, олардың көмегімен Қазақстан эконо­ми­касының қуат тиімділігін айтарлықтай арттыруға болар еді.

Инновация – жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, өмір қажеттігі. Мемлекетік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу –  қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. Үйретілетін тілдік үйретудің әдіс-тәсілдерінің де жетілдіріп жатқаны да белгілі.

Қазір педагогика ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы», «оқытудың инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда.

Алдымен «технология» ұғымына тоқталайық. Бұл жерде ол «инновациялық педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымына көз  жүгірткеніміз жөн. Ол «техника» сөзінен шыққан, оның екі мағынасы бар.

  1. Өндірістік құралдарының  жиынтығы
  2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

Технология - грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді.

Білім беру саласындағы "технология" үғымы өндірістік үдерістердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық. Өндірістік үдерістердегі технология деп қолданғанда алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін айтады.

Кез-келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады. Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.

Технология маңызы:

Педагогикалық технология – оқыту мен тәрбие құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачев).

Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибеде жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В.П.Беспалько).

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл педагогтар (Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков) еңбектерінде арнайы сөз етіледі.

«Инновация» термині педагогикада қазіргі таңда кеңінен қолданылуда. Югославияның педагог-ғалымы К.Ангеловский педагогикалык инновация мәселесін терең түрде зерттеген. Ол инновация терминінің экономика немесе техника ғылымдарынан педагогика саласына келген дейді де, «кейбір педагогтер инновация терминінің орнына реформа, жаңаландыру, жетілдіру, оптимизация, оқыту модернизациясы ұғымдарын пайдаланады» - деп көрсетеді.

Инновация дегеніміз – мазмұнды жаңашалау, ал жаңалық енгізу дегеніміз - инновациялық мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, ал "жаңаша" дегеніміз жаңа мазмұн, оны енгізудің әдіс-тәсілдерін, технологиясын қамтитын құбылыс деп түсінеміз.

Г.В.Селевко «инновациялық педагогикалық технологияны» үш жақты сипатын былай белгілейді:

ғылымилық: педагогикалық технология – оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін жасайтын, педагогикалық үдерісті жобалайтын, оларды зерттейтін педагогика ғылымының саласы;

үдерісті-сипаттаушы: үдерісті сипаттау (алгоритмі), оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде қолданылатын мақсат, мазмұн, әдіс-құралдар жиынтығы;

үдерісті-іс-әрекеттік: технологиялық (педагогикалық) үдерісті жүзеге асыру, барлық тұлғалық, құралдық және әдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмысы.

Қазіргі мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру тәрбиешінің интелектуалды, кәсіптік-адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқыту-тәрбиелеу үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Инновациялық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

-                 алынып отырған технология оқытудың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

-                 тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.

Инновациялық технологияны пайдалану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.

1-кезең – оқып үйрену

2-кезең – меңгеру

3-кезең – өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану

4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру

Инновациялық технологияларды пайдалану негізінде мектепке дейінгі білім беру тұжырымдамасының алгоритмі төмендегідей түрде ұсынылады:

-   білім беру жүйесінің түпкі мақсаттарын баяндау;

-   аралық мақсаттардың болжамдық көрсеткіштерін баяндау;

-   оқыту мазмұнына сүйену;

-   көзделген мақсатқа жеткізетін және оқыту сапасын объективті тексеру әдістемесімен қамтамасыз ететін стандартты оқыту технологиясын ұсыну;

-   оқытудың ұйымдастырушылық формалары мен шарттарын баяндау.

Енді инновациялық технологиялардың мектепке дейінгі ұйымдарда пайдаланылатын кейбіреуіне тереңірек тоқталайық. А.С.Макаренко айтқандай, «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, өскен соң жұмыста да көбінесі сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады»

Оқу үдерісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті тәрбиеші мен баланың іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты  технологиясының  дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтер ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үдерісінде міндетті түрде енгізу жайлы айтады.

Қазіргі заманғы қазақстандық білім беру үлгісіне көшуде және әлемдік білім кеңістігіне енуде кәсіби білікті, құзыретті тәрбиеші –  педагог қана өз жұмысын жаңадан құрып, жоғарғы нәтижелерге жете алады.

Автор:
Салтай Бауыржан Серікжанұлы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің Арнайы пәндер оқытушысы