Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Департамент басшысы мәслихат алдында есеп берді


2 марта 2023, 06:32 | 1 262 просмотра



Жетісу облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайытбеков 17 қаңтар күні Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында жылдық есебін баяндады.

Еділ Тасболатұлы облыстық мәслихат депутаттарына департамент 2022 жылдың екінші жартысынан құрылса да, өңірімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстары бойынша 100-ден аса өтініш бойынша жалпы соммасы  5 414 000 теңге тұтынушыларға кайтарылғанын жеткізді. Сонымен қатар, өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар ол, сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан/қайтарудан бас тарту мәселесі орын алатынын атап өтті.

Депутаттар тарапынан халықпен кері байланысты нығайту жұмысында қандай жұмыс атқарылып жатқаны жайында сұрақтарын қойып, департамент басшысы әлеуметтік желілермен, сайттар, дәстүрлі БАҚ беттерін кеңінен қолданылатынын жеткізді. Оның ішінде сайт-газеттерде-57 мақала, әлеуметтік желілерде 209 жарияланым, комитет сайтында – 4 мақала жарияланып, 2 бейнеролик әзірленгенін, «Инстаграм» әлеуметтік желісінің 86 мыңнан жоғары «Талдыкорганец инста» парақшасында департамент қызметі және тұтынушылардың өтініш беру бойынша хабарландыру жарияланғанын баяндап өтті.

Сессия соңында депутаттар тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жұмысты нығайту жайында өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, Еділ Тасболатұлы назарына алып, аталған бағытта жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Назарларыңызға сала кетсек, ҚР СИМ ТҚҚК төрағасы А.Тынысбековтың 21.11.2022 жылғы хаттамалық тапсырмасының негізінде сессия барысында есеп беріліп, жергілікті өкілді органдармен бірлесе жұмыстар жүргізілетіні мәлім болды.

 

Автор:
Жетісу облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті