2 марта 2023, 15:26 | 817 просмотров
Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында сағат 15:00-де «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің құқық қолдану практикасы мәселесі бойынша ZOOM платформасы арқылы кеңес өткізілді. Кеңестің модераторы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті (бұдан әрі – ЗҚД) болды.
Кеңеске ҚР СИМ ЗҚД директоры С.М. Ли, з.ғ.д. Е. В. Порохов, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, Сауда комитетінің өкілдері, сондай-ақ олардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері және өзге де мемлекеттік органдар қатысты.