Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау қорытындысы шығарылды


2 марта 2023, 15:27 | 789 просмотров



  А. ж. 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін реттеуді қатаңдату бөліктерінде реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау қорытындылары және тұтынушымен жасалған шартқа тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптардың енгізілуіне жол бермеу жөнінде ҚР СИМ ТҚҚК төраға орынбасарының төрағалығымен кеңес өткізілді.

        Кеңеске ҚР СИМ ТҚҚК басқармаларының басшылары, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сауда департаментінің басқарушы директоры, «Қазақстанның көтерме-тарату орталықтарының одағы» ЗТБ Басқарма Төрағасы, «Қазақстанның Ұлттық индустриялық палатасы өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы» ЗТБ сарапшысы, «Қазақстанның алкоголь және темекі өнімдерін адал өндірушілер, импорттаушылар мен сатушылар қауымдастығы «КазАлкоТабак» ЗТБ атқарушы директоры және мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры қатысты , «Bastama» бизнеске реттеушілік және салықтық әсерді бағалау институты «Қауымдастығы» ЗТБ және жеке кәсіпкерлердің басқарушы директоры, «Қазақстанның көтерме-тарату орталықтарының одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы және кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкілдері.

      Кеңес қорытындысы бойынша кеңес төрағасы тиісті тапсырмалар берді.

Автор:
Жетісу облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ТҚК ақпараты негізінде