Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы белсенділер марапатталды


15 марта 2023, 12:02 | 546 просмотров



15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылар құқықтарын қорғау күніне байланысты Жетісу облысында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті тарапынан тұтынушыларды қорғау саласында қоғамдық бірлестік және осы бағытта ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген облысымыздағы бірқатар БАҚ ұжымдары департаменттің алғыс хаттарына ие болды.
Департамент басшысы Еділ Зайтбеков қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында көмек көрсетіп жүрген жандарға жылы ілтипатын білдіріп, алғыс хаттар табысталды. Оның ішінде Жетісу облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестік төрағасы Амир Газалиев, «Jetisy» телеарнасымен оның радиосы, «Jetisy» және «Вестник Жетісу» газеттері, республикалық «Талдау хабаршысы Талдықорған», «Жәрдем», «Білім шапағаты», «tinfo.kz» желілік басылымы бар.
Еділ Тасболатұлы өз сөзінде «БАҚ өкілдері біздің жұмысқа үлкен көмектерін көрсетіп отыр. Оның ішінде былтырғы жылдан биылғы жылдың 1 наурыздағы дерегі бойынша сайттарға 118 ақпарат, газеттерде 74 мақала, телеарнада 4 сюжет, радиода 2 сұхбат жарияланып, 1 брифинг және телеарнамен коммуникация орталығы арқылы 2 тікелей эфир жүргізілді. Ал департамент тарапынан, Фейсбук, Инстаграм әлеуметтік желілерінде 543 жарияланым салынып, 10 видеоролик әзірленді» - деп атап өтті.
Жалпы елімізде, тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында «ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңы тұтынушыларымыздың құқықтарын қорғайтын бұл саладағы басты құжаттардың бірі болып табылады. Ал бұл салада уәкілетті орган ол ҚР Сауда және интгерация министрлігінің сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменттері өңірлерде өз құзіреті шеңберінде жұмыстарды жүргізуде.

Автор:
Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті