15 марта 2023, 12:14 | 568 просмотров
Баршаларыңызды 15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылар құқықтары күні шын жүректен құттықтаймын!
15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылар құқықтарын қорғау күні болып белгіленген. Бұл мейрам АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедидің 1961 жылы 15 наурызда Конгресте тұтынушылардың құқы жайында сөйлеген сөзімен байланысты. Сол кезде АҚШ президенті тұтынушыларға адамдардың барлығының жататындығын айтып, тұтынушыларда ақпарат алу, қауіпсіздік, таңдау және хабардар болу құқықтарының болатындығын атап өткен еді.
Жалпы елімізде, тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында «ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңы тұтынушыларымыздың құқықтарын қорғайтын бұл саладағы басты құжаттардың бірі болып табылады. Ал бұл салада уәкілетті орган ол ҚР Сауда және интгерация министрлігінің сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменттері өңірлерде өз құзіреті шеңберінде жұмыстарды жүргізуде.
Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді тұтунышылар құқықтарын қорғау күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіз!
Құрметпен, Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайтбеков