16 марта 2023, 06:02 | 522 просмотра
Бұл жайында Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайтбеков әлеуметтік желіде «Тұтынушы өз құқығыңды біл!» атты тақырыпта 15 наурыз күні өткен тікелей эфир барысында белгілі болды. Шара 15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылар құқықтарын қорғау күіне орай арналды.
Департамент басшысының дерегі бойынша ағымдағы жылдың 1 наурыз бойынша тұтынушылардан департаментке 119 өтініш түсіп, оның 73 түсіндірме, 46 өтініш оң шешімін тауып, тұтынушыларға жалпы 2 896 000 теңге көлемінде қаржы қайтарылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, департамент 2022 жылдың екінші жартысынан құрылса да, өңірімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстары бойынша тек былтырғы жылдың өзінде 100-ден аса өтініш бойынша жалпы соммасы 5 414 000 теңге тұтынушыларға кайтарылғанын оқырмандарға баяндап өтті. Өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар ол, сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан/қайтарудан бас тарту мәселесі орын алады. Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштерінің ай сайынғы өсімі 25-30% - ға өскенін атап өткен жөн, бұл халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетеді.
Тікелей эфир барысында тұрғындардан бірқатар сұрақтар түсіп, жауаптары берілді. Оның ішінде өз құқығын қорғау, шағым түсіру сынды мәселелер көтерілді.
Жалпы елімізде, тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында «ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңы тұтынушыларымыздың құқықтарын қорғайтын бұл саладағы басты құжаттардың бірі болып табылады. Ал бұл салада уәкілетті орган ол ҚР Сауда және интгерация министрлігінің сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменттері өңірлерде өз құзіреті шеңберінде жұмыстарды жүргізуде.