Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қоғамдық көліктерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар орналастырылды


16 мая 2023, 04:35 | 2 809 просмотров


Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басым бағыттарының бірі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және оның көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру болып табылады.

Осыған байланысты, Департамент қызметкерлері облыстың жастар ұйымдарының белсенділерімен бірге Талдықорған қаласының қоғамдық көліктерінде Агенттіктің сенім телефоны туралы ақпарат көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы плакаттарды орналастыру бойынша акция өткізді.

Аталған акция қала тұрғындары тарапынан оң бағаланды, олар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға болатын Агенттіктің колл-орталығы туралы халықты хабардар етудің маңыздылығы зор екендігін атап өтті.

Департамент осындай алдын алу шараларын одан әрі жалғастырады.

 
Автор:
БШ ақпарат