22 мая 2023, 06:58 | 1 994 просмотра
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бұлбұл Қалықбекова зияткерлік меншік авторлық құқығының иесі атанды.
Бұлбұл Қалықбекова белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің сұхбатын жан-жақты талдаудың үлгісін жасап, Бейсен-Құранбек тілінің сөздігін құрастырды.
Зерттеу «Әдеби шығарма» бөлімі бойынша авторлық құқықты алды.
— Зерттеу жұмысы зияткер оқушылар Дагмара Ертанатова және Жәнібек Кенжебекпен жүргізілді. «Айтуға оңай» ток-шоуы негізінде бағдарламалар тілінің лексика-семантикалық сипатын анықтау, тілдік қабаттарды топтастыру, стильдік ерекшеліктерін айқындау мақсаты қойылды. Жоба жоғары бағаланып, республикалық «Білім өркениети» ғылыми жұмыстар байқауында «Дарын» номинациясы бойынша 1-орынға ие болды», - деді сұхбатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бұлбұл Қалықбекова.