Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстанда 172 мың түлек мектеп бітіреді


26 мая 2023, 06:38 | 633 просмотра



Қазақстанда 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты.

«Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер», - деді министр Үкімет отырысында.

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.

Аттестаттарды салтанатты табыстау биыл 20-22 маусым аралығында өтеді.

Сондай-ақ, қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен емтихан 5-19 маусым аралығында өтеді.

Бұған дейін Ғани Бейсембаев оқу жылының неліктен ұзартылғанын түсіндірген еді.

Автор:
БШ ақпарат