Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Зияткерлік мектептердің 285 оқушысы шетелдік университеттерге шақырту алды


2 июня 2023, 02:53 | 2 262 просмотра



Назарбаев Зияткерлік мектептерін 1651 оқушы бітірді. Олардың 285-і шетелдік университеттерде білім алуға шақырту алған. Ал QS рейтингі бойынша соңғы 10 жылда ең үздік жоғары оқу орындары саналып келген Массачусетс және Калифорния технологиялық институттары, Айви лигасының Колумбия, Браун, Пенсильвания университтері мен Дартмут колледжінде 6 зияткердің оқуға түсуге мүмкіндігі бар.  

Еліміздегі 21 NIS пен Астанадағы Халықаралық мектеп биыл соңғы қоңырау салтанатын ерекше атап өтуде. Өйткені отандық білім беру саласының көшбасшысы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына 15 жыл толып отыр. Айтулы датада үлкен өмірге қадам басқан шәкірттерге NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин сәттілік тілеп, жастарға кеңес берді:

– Бүгін біздің түлектер үшін ерекше күн. Бірнеше жыл бұрын Зияткерлік мектептердің табалдырығын аттаған балалар есейіп, жаңа өмірге қадам басқалы тұр. Қымбатты түлектер, сіздерге өмірдегі үлкен жеңістерді тілеймін. Ал оған жету үшін, біріншіден, кез келген жаңалыққа ашық болыңыздар. Қоғам соңғы инновацияларды игерген мамандарды қажет етеді. Екіншіден, өз күштеріңізге әрдайым сенімді болыңыздар. Жас мемлекетіміз өздеріңіздей жастарға зор сенім артып отыр. Бүгінгі таңда еліміз бұрын-соңды болмаған  мүмкіндіктерді жасап, нақты мақсаттарға жетуге жол ашып отыр.

Айта кетейік, биыл 12-ші сыныпты бітірген 64 түлек QS рейтингі бойынша әлемдегі ТОП-100 үздік университеттер қатарына енген University of Toronto, University of British Columbia, Johns Hopkins University, CityU, PolyU секілді жоғары оқу орындарында білімін жалғастыра алады. Сонымен бірге түлектерімізге отандық жоғары оқу орындары Қозыбаев университеті мен ҚБТУ Аризона университетінің қосарланған дипломы аясында білім алуға мүмкіндік беріп отыр,  KIMEP пен Аstana IT да зияткер жастарды өздерінде білім алуға шақырту жасаған.

 

Автор:
БШ ақпарат