Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ


22 апреля 2011, 08:00 | 2 459 просмотров


Өткен аптаның соңында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Елбасы Жолдауы – дамудың сара жолы» атты аудандық, қалалық ақпараттық – насихат топтары мүшелерінің облыстық семинар – кеңесі болды.

Басқосудың мақсаты «Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2011жылғы 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындар арасында насихаттауды жетілдіру, үгітші – насихатшының қоғамдық белсенділігін арттыру, жұртшылықтың мемлекеттік саясаттағы басым бағыттар жөніндегі ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік органдармен байланысын қалыптас-

тыру және нығайтуға арналды.

Семинар – кеңесте облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжиян Мағданқызы Сүлейменова «Елбасы Жолдауы – дамудың сара жолы» атты баяндама жасады.

Кеңесте ақпараттық – насихат жұмыстарының барлық индикаторларын іске қосып, облыс халқының әрқайсысына Жолдаудың басым бағыттарын жеткізу, ақпараттық - насихат топтарының ролін көтеру, аймақтарда құрылған топ мүшелерінің сапалық құрамына баса назар аудару, оған жергілікті жерде беделге ие, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасқан, бастамашыл, бір сөзбен айтқанда «бері тартқанды бұра тартпайтын» адамдарды топтастыру қажеттігі кеңінен талқыланды. Бұл ретте мемлекеттік саясатты қолдап, оның қалыптасуына үлес қосып жүрген үкіметтік емес, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің шоғырландырылуы керек.

Автор:
Ырыс КЕНЖЕ.