Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

№100!!!


22 апреля 2011, 07:58 | 2 276 просмотров


2009 жылғы сәуірдің 16- жұлдызында Қзақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне тіркеліп, №100632-Г куәлігін алған газет сәл ғана астам уақыт ішінде өзінің тұрақты оқырмандарын тапты. «Білім шапағаты» қоғамдық – педагог-икалық газет Алматы облысы өңіріне таралады. Бүгінде газет редакциясы ауқымын кеңейтуді жоспарына енгізген.

Бүгін газеттің 100-ші саны жарық көріп отыр. Өзінің Жарғысы, стратегия-

лық қызмет жоспары, мақсаты, міндеті, осылардан күтілетін нәтижесі бар үнжария шын мәнінде тек облысымыздың қалың ұстаздар қауымының ғана емес, қарапайым жұртшылықтың да жаңалық жаршысына айналды. Газеттің шығармашылық ұжымы күнделікті өмірінде сала қызметкерлерінің жас ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуы жолында патриоттық тәрбие берудегі рөлі, мұғалімнің жеке қабілетін дамыту және әлемдік көзқарасын айқындау секілді еселі еңбектерінің барысы туралы мақалалар ұйымдастырады. Бұған дәлел газетіміздегі «Адам және оның еңбегі» айдары.

Газет беттерінде мұғаліидерді білім саласындағы енгізіліп жатқан жаңалықтармен хабардар етіп, кең көлемде түсініктеме беру мүмкіндігіне ие. «Жастар саясаты», «Мамандандыру», «Әдістеме», «маман мінбері»айдарларында ұстаздар қауымы өздерінің жас ұрпаққа білім берудегі тың әдістемелері мен ізденістері, соны жаңалықтары жайлы айтып, әріптестерімен тәжірибе алмаса алады.

Бүгінде газет 11 мың данамен тарайды. Облысымызда 30 мың мұғалім болса оның әрбір үшіншісі «Білім шапағаты» газетінің оқырманы.

Бұгін қадірменді оқырмандарымыз ұстаздар қауымын құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз. Береке-бірлігіміз жараса берсін!

Осы аптада «Білім шапағаты» газетінің көшпелі редакциясы облысымыздың оңтүстік аудандарында арнайы іссапармен болып қайтты. Өңірлердегі білім басқармалары, жалпы білім беретін мектептер ұжымдары жұмыстарымен танысты. Редакция алқасы газетті қолдап отырған аудан, білім басқармалары басшыларына, мектептер ұжымына алғыстарын білдіреді.

Автор:
Ырысбай АҚАДЫҚҰЛЫ.