Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ХАН ОРДАМ – ҚАРА ШАҢЫРАҒЫМ!


15 октября 2009, 06:42 | 4 113 просмотров



Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістікте үйлесімді шағын үй еді.

Киіз үйді бір күнде, бір ғана адамның даналығы дүниеге әкелген жоқ. Ол көшпелі өмір салтымен бірге туып, біте қайнасты.

Көшпенділер өздерін табиғаттың бір бөлшегіміз деп есептейді. Олар үшін аспан әлемі көк күмбез - барша тірліктің баспанасы. Ал, киіз үй болса, әркімнің шағын әлемі, әркімнің «көк күмбезі».

«Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін киіз үйлерде тұру астамшылық емес, қажеттілік болған»

(Л.Н.Гумилев).

Тұрғын үйдің үш қанаттан бастап, он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлгілері болған. Қанат санына қарап үш қанат үй, бес қанат үй деп атаған.

1) Киіз үйдің сүйегі – қайың, мойыл, тал, терк, қарағай сияқты ағаштардан жасалатын жабдықтар (кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, табалдырық, жақтау немесе таяныш, сықырлауық бақан т.б.).

2) Киіз үйдің киіздері: қойдың күзем жүінен жасалатын жабдықтар, (туырлық, үздік, түңлік, киіз есік, уыққап, дөдеге т.б.).

3) Киіз үйдің бау-шуы: бұлар қой, түйе жүнінен, жылқы қылынан есілетін, тоқылатын жіптер, арақандар, (бас бау, аяқ бау, уық бау, түңлік бау, құр, терме, басқұр, желбау т.б.).

4) Киіз үйдің іші-тысына тұратын ши түрлері: шым ши, ораулы ши, кілем ши, алаша ши, ақ ши.

Көшпелілердің өмір салтына киіз үйді тұтыну құралы, сұлулықтың үлгісі деп қана қараған, көк тәңірі сияқты есептеген. Қазақ үй- қазақтардың материалдық, рухани ерекше ескерткіші, бұны халық өнерінің жиынтығы деп қарайды.

ХХ ғасрдың басында этнограф Г.Н.Потанин : «... Еңбекқор қазақ әйелі киіз үйді сурет галлереясына, өрнектер көрмесіне айналдыра білді ..», деп бағалаған.

Киіз үй – көші-қонға қолайлы, ол тез жығуға, тез тігуге ыңғайлы, киіз үй - киелі үй. Киіз үй шеңберіне құрастырылатын уық шаңырақ. Шаңырақты жоғары бағалайды. Жаңа тігілген үй, бөлініп шыққан - отау үй, бір шаңырақ деп аталынады. Шаңырағың биік болсын! деп тілек айтылуының орны ерекше, керегең кең болсын! - үйдің үлкеюі, жанұяға бас қосылуы. Қазақ үйдің есігін кері лақтыруға болмайды. Өйткені, бақ дәулет кетеді, сор қайғы кіреді дейді.

Қазақтың үйі, жабдықтары

Киіз үй жабдықтары:

1.Шаңырақ – киіз үйді құрап тұтастырып тұратын күмбез, тораңғы , қайыңнан жасалады. Шаңырақтың шеңберін тоған дейді, соған сұғынатын төрт қырлы тесікті көзқаламдық дейді, айқастырылып түңдікті көтеретін ағашты күлдіреуіш дейді.

2.Уық - шаңыраққа, керегеге байланатын, бір басы иін ағашты айтады.

3.Кереге – киіз үйдің қаңқасын құрайды.

4.Түңідік – шаңырақты жабатын киіз.

5.Туырлық – керегенің іргесінен шеңберге дейінгі аралықты жабатын киіз.

6.Үзік - екі немесе төрт жерден тағылатын, уықтың үстінен жабылатын киіз.

7.Киіз үй есігі – сықырлауық ( жарма есік) үйге кіріп шығатын қызметтіатқарады, нәзік өрнекті , бедерлі сүйекпен қапталады.

8.Белдеу, арқан – (туырлықты жел көтеріліп кетпеске байлайтын арқан)

9.Жел бау - өрнекті төгілме шашақты құр, сәндік жиһаз

10.Бақан - үйді боран алмасқа тірейтін 3 метрлік тіреуіш ағаш

11.Басқұр - оюлап тігілген, тоқылған

12.Ши – туырлықтың астынан түсетін өрнекті әсем ши.

Қазақ үйдің шаңырағын көтеру үшін «кіндігін» табу керек, өйткені кіндік табылмаса, шаңырақ ойналмалы болып, айналып кетеді, , алды биік, арты аласа болады. Сондықтан кіндік орнында болуы қажет.

Киіз үйдің жасау – жабдықтары.

Киіз үйдің ағашы – үйдің сүйегі деп аталады. Оған мыналар жатады: есік, босаға, табалдырық, жақтау, сықырлауық, иткірмес, маңдайша, топса, уық, шаңырақ, күлдіреуіш. Керегеге қатысты көптеген атаулар бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты сегіз, отыз, он, он екі қанат) керегенің басы, керегенің құлағы, керегенің қасы, керегенің көзі, керегенің сағанаты, керегенің аяғы, керегенің иегі.

Киіз жабдықтар мыналардан құралады:

1.түңілік

2. үзік

3.туырлық

4.киіз есік

5.дөдеге

6.үзік сән.

7.ағаш төсек

8.абдыра

9.жүк аяқ

10.сандық

11.түс киіз, сырмақ

Киіз үйдің арқан – жібі, таңғышы былайша аталады:

1.түңілік бау

2.туырлық бау

3.үздік бау

4.белдеу арқан

5.тегеріш

6.басқұр

7.таңғыш

8.таңғыш уық

9.жел бау

10. уық бау

11.керме жіп.

Киіз үйдің тіреу ағаштары, байлау қазықтары мыналар: сырық, бақан, адал бақан, жел қазық, төр қазық.

Киіз үйдің шилері: жез ши, өре ши.

Киіз үйдің жасаулары үй иесінің дәулетіне қарай әртүрлі дәрежеде болады. Олардың ең бастылары мыналар:

1.Текемет

2.Түс киіз

3.Сырмақ

4.Кілем

5.Алаша

6.Көрпе-жастық

7.Бөстек

8.Шымылдық

9.Төсек ағаш

10.Жүк аяқ

11.Сырлы кебеже

12.Бесік

13.Құс тұғыр

14.Абдыра

15.Сандық

16.Шарайна

17.Тұтқыш (қазан ұстағыш) . Аймақтың ең қадірменді, батағөй қарттарына көтерту немесе үйді жыққанда шаңырақты жолымыз болады деп, көшетін жаққа қарай қисайтып түсіруі киіз үйді айрықша қасиет тұтқандықтан. «Үй болу», «шаңырақты сыйлау» дейтін сөз тіркестеріндегі мағына – киіз үйді қажет тұтуды меңзейді.

Түйін: Атадан қалған киелі мұраны қадірлей білейік!

Автор:
Бетті әзірлеген Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ