Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Борис Ерзаковичтің қазақтың кәсіби музыкасының дамуына қосқан үлесі


25 декабря 2023, 08:48 | 1 930 просмотров


Өткен тарихқа, өнердің қайнар көздеріне деген құрмет шын мәнінде әлемді танып білуге, оны игеруге деген ұмтылыстан туындаған адамзаттың саналы болмысына, рухани тәжірибесіне деген құрмет екені аян. Тарихта қордаланған рухани жәдігерлеріміздің байыбына барынша нақты түрде барып, зерделеп алмай қазіргі заманда қоғам үшін алға жылжудың,рухани жаңғырудың даңғыл жолы,әмбебап тетіктері ашылмайды. Кез келген қоғам өзінің материалдық болмысымен қатар рухани дүниесін сараптаудан өткізіп отыруы тиіс.

Қазақстан Республикасы өзінің ширек ғасырдан аса тарихында тәуелсіздігін нығайтып алды және ұлт тарихындағы  мәдени, саяси, құқықтық және жалпы рухани саланың сабақтастығын анықтайтын, өркениеттендіруге үлес қосып отыратын көптеген іс-шаралар өткізіліп отырды.

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүгірленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй – ішінің біреуі домбырада шертпейтін отбасы қазақ  кемде – кем болған.

Күй өнері – халқымыздың рухани құндылығының маңызды бір саласы. Ол ұлтымыздың байырғы және бүгінгі мәдениетімен тығыз байланысқан. Күй жанрының өнердің басқа саласынан ең басты айырмашылығы – адам баласы ауызбен айтылып, бояумен бейнелеп бере алмайтын табиғаттың тылсым сыры мен сұлулығын музыка ырғағымен жеткізе білуінде. Халқымыздың арасында атам заманынан бері ауыздан – ауызға таралып бізге жеткен «Ақсақ құлан – Жошы хан» аңызы осы сөзіміздің айқын дәлелі. Олар әлі күнге дейін үлкен сахналарымызда тартылып жүргені бәріне мәлім. Кетбұға күйшінің ХІІІ ғасырдағы «Ақсақ Құлан» күйінің 10 нұсқасы жетті. Осы орайда айта кетсек, қазір Еуропа кітапханасында тұрған «Кодекс Куманикус» кітабында сол Кетбұғаның «Ақсақ Құлан» күйінің ноталық жазбасы бар. Қазақ музыкасына үлес қосқан еврей зерттеуші Борис Григорьевич Ерзакович ескі нотадағы аталған музыканы бүгінгі нотаға түсіргенде «Ақсақ Құлан» күйі шығады. Кетбұғадан кейін сары Салтық, одан бері қарай Байжігіт, кешегі Абылай хан кезіндегі атақты күйшілер, ХІХ ғасырдағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған – жүздеген классикалық күйшілер өткен. Демек, қазақтың музыкалық мәдениеті бүгінге дейін ұлтымызға айрықша қызмет етіп келе жатыр.

Борис Ерзакович — қазақ музыка өнерінің тарихы туралы іргелі еңбектердің авторы. Ғалымның зерттеуінде қазақ музыка мәдениетінің барлық түрі мен бағыты (фольклоры, халық композиторларының шығармалары, Қазақстанның кәсіби музыкасы, қазақ музыкасының басқа ұлт өнерімен байланысы, т.б.) қамтылған. Ол 20-дан астам монографиялар мен кітапшалар, 200-дей мақалалар мен очерктер, Абайдың және халықтық кәсіби әнші-композиторлар, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ және басқалардың шығармаларын қамтитын 12 музыкалық-этнографиялық жинақтар жазды. Ерзакович ғылыми-зерттеу жұмыстарын композиторлық-шығармалық және ұстаздық-педагогтік қызметтерімен ұштастырды. Кәсіби музыка жанрларын дамытуға үлес қосып, вариациялар, фортепианолық пьесалар,симфониялық поэмалар мен увертюралар, сонаталар, әндер, романстар мен хорға арналған шығармалар жазды. 200-ге жуық халық әндерін түрлі оркестр, ансамбльдер мен жеке дауысқа лайықтап нотаға түсірді. “Амангелді”, “Мылтықты адам”, “Абай”, “Алма бағында”, “Шоқан Уәлиханов” сияқты спектакльдерге музыка жазды.

1931 жылдың мамыр айында, Б.Ерзаковичты СССР байланыс министрлігінің жаныңда ұйымдасқан Бүкіл одақтық радио хабарлау комитетінің музыка редакторларының курсына Москваға жібереді. Мұнда ол А.Затаевичпен кездейсоқ ұшырасып қалады. А.Затаевич оған қазақ халық музыкасын жинап, зерттеулі ұсынып, ақыл-кеңес айтады. Курсты тәмәмдаған  соң Б.Ерзакович Алматыға келіп,  1931 жылдан қазақ радио орталағында музыка хабарлау редакциясының меңгерушісі болып қызмет атқарады. Осы кезеңнен бастап оның негізі ғылыми және шығармашылығы қалыптасты. Радиода істеген сегіз жыл 1945 жылы А.Жұбановтың  шақыруымен Б.Ерзакович Қазақстан Ғылым академиясында жұмыс істейді. Радиода істеген сегіз жыл мерзімінің ішінде ол 500ге жуық фольклор үлгісін жазып алды. Оның тілшілерінің ішінде музыка өнерінің белгілі шеберлер болды. Бұлар- Естай Беркімбаев, Кенен Әзірбаев, Қали Байжанов, Шәкір Әбенов, Науша Бөкейханов, Қосымжан Бабақов, Ильяс Әубәкіров, Молдахмет Тырбиев  және т.б.

1945 жылы Ерзакович Большевиктердің Бүкілодақтық Коммунистік партиясына қосылып, Қазақстан Ғылым академиясының өнер тарихы секторында аға ғылыми қызметкер болып тағайындалды. 1949 жылы Алматы консерваториясының тарих және теориялық бөлімін бітірді. 1950-1961 жж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының өнер тарихы секторының меңгерушісі. 1961-1987 жылдары композитор Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында қазақ музыкасы тарихынан сабақ берді.

Ерзакович пен Александр Затаевич арасындағы маңызды кездесу 1931 жылы Мәскеуде Бүкілодақтық хабар тарату музыкалық редакторларының курсында өтті. Бұл кездесу Борис Гиршевичтің кәсіби қызметінің бағытын анықтады.

1931 жылдан бастап ол қазақ музыкалық фольклорына қатысты 2500-ге жуық ән жинақтады. Қазақстанның музыкалық мәдениеті туралы келесі іргелі еңбектердің авторы: «Музыка Советского Казахстана», «Песенная культура казахского народа», «Музыкальное наследие казахского народа», «Казахское народное песенное творчество дооктябрьского периода», «У истоков казахского музыкознания», «Народные песни Казахстана», «Песни Кенена Азербаева», «Музыкальное воплощение казахского эпоса», «Казахские советские народные песни», «Творческие связи казахской и русской музыки», «Песенная культура казахского народа». Борис Ерзакович халық композиторлары – Біржан, Мұхит, Жаяу Мұса және Абай шығармаларын жүйеледі.

Қазақ ән жазуы жанрларының классификациясын жасап, музыкаға енген эпикалық және тарихи аңыздардың түрлерін анықтады, қазақ ән әуендерінің ұлттық өзіндік ерекшелігін теориялық тұрғыдан негіздеп, көптеген халық композиторларының шығармаларына сипаттама берді.

          Б.Ерзакович отыз жылға жуық М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының музыка және өнертану бөлімінің басқарды. Б.Ерзаковичтің  әр қырлы іс әрекеті, еңбек сүйгіштігі, рухани мүддесінің жан-жақтылығы Қазақстанның өнерінде үлкен із қалдырды. Музыка этнограф ретінде Б.Ерзаковичтің қазақтың музыка фольклорының үлгісін жинап,жарыққа шығару жолындағы  еңбегі зор. Халық әндері мен халық профессионал композиторлардың әндерінен жазған жинақтары қазіргі Қазақстан фольклористикасының негізі болып,қазіргі композиторлардың әндерінен жазған жинақтары қазіргі композиторлардың бірнеше ұрпақтарының шығармашлығына сарқылмас қайнар көз болып табылды. Оны ХХ ғ.  көрнекті фолькролисті десек жаңылмаймыз.

 

 

Абдыкадыров Мейрамбек Абдыкадырұлы,

Қ.Байсейітов атындағы  саз колледжі,

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы