Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір


22 апреля 2011, 07:55 | 7 220 просмотров



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипат алуының, ұлт зиялыларының саяси қудалануының, Қазақ АКСР-інің Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы болып қайта құрылуының, Қазақ КСР-і құрылуының тарихи маңызына түсінік беру.

Дамытушылық: 30-шы жылдардағы оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді, тарихи шығармаларды оқып пайдалану дағдысын дамыту, осы қанқұйлы кезеңге өз беттерінше баға беруге жол көрсету.

Тәрбиелік: Оқушыларды жазықсыз құрбан болған аяулы тұлғаларды, азаматтарымызды қастерлей білуге, олардың өмір жолдарынан өнеге алуға үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Қазақ әдебиеті пәндері.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Тірек-сызбалар.

2. Қазақстан картасы.

3. Карлаг картасы.

4. Буклеттер «Үш бәйтерек», «Бес арыс».

5. Кітаптар көрмесі.

6. Газет қиындысы.

7. Тақырыпқа байланысты деректер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Мақсатын қою кезеңі

3.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

1.Сталиндік казармалық социализм.

2.Зиялы қауымды жаппай қудалау.

а)Қайран абзал ағалар.

ә)Сталинизм құрбандары болған зиялылардың балалары мен абзал

жарларының өмірі.

б)Алты алаштың арыстары жерленген жер – Алматының іргесінде.

3.Қазақ АКСР-інің құрылуы.

4.Қорытындылау.

5.Жаңа сабақты бекіту:

1.Гулаг-қа қанша қазақстандық жабылды?

2.Қаншасы атылды?

3.Қашан Қазақ АКСР-і Конституциясы қабылданды?

4.Қазақ АКСР-і Одақтас Респулика болып қашан құрылды?

5.Ұлттық аза күні болып қай күн белгіленді?

Термин сөздер:

Тоталитаризм- мемлекеттің барлық механизмдерінен бастап жеке адамның өміріне дейін толық бақылауда болуы.

ГУлаг- Лагерьлердің Бас Басқармасы.

Карлаг- ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.

Алжир- Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.

ЧСИР- Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.

Жазықсыз жазаланғандар кімдер?

1.Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандар.

2.Қазақстан партия ұйымының көрнекті қайраткерлері.

3.Революция жеңістерін қолына қару алып қорғағандар.

4.Қазақ әдебиетінің негізін салушылар.

5.Индустрияны ұйымдастырушылар.

Социализмнің тоталитарлық. Казармалық сипатының көрінісі:

1.Жер, өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншіктің орнығуы.

2.Бюрократиялық орталықтандыру.

3.Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ, оларға заң шығару құқығы берілмеді.

4.Жазалау органдары қызметі кеңейіп, мемлекеттік билік органы ретіндегі Кеңестер қызметінің шектелуі.

Балама пікір қабылданбады, жеке адам құқығы барған сайын тарыла берді.

6. Үй тапсырмасы: §12.

Венн диаграммасы бойынша Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта.

Автор:
Б.Н.БЕЙСЕБАЕВ Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Ақсу ауданы Алматы облысы