Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қайырымдылық - сауап табатын жол


22 апреля 2011, 07:52 | 2 895 просмотров


Қайырымдылық қашан да қанымызға сіңген асыл қасиет. Адамдардың әрбір қайырымдылық ісі, жақсы сөзі, жақсы қатынастары – сауап табатын жол.

Сауапты іс – бұл қайырымдылық, мейірімділік, жомарттық, адамдардың, ағайын-туғандардың арасындағы сүйіспеншілік, береке-бірлік, ізгіліктік. Сауапты амал-садақа беріп, қайырымдылық, мейірімділік жасау.

Өзгені өзегіне теппей, өзіне тарта білетін қазақ – жауына да жанашырлық танытқан, жарымжандарға қамқор бола білген.

Сондай қамқорлықты ауданымыздың ардақты азаматы, аяулы әке, қамқор аға Шәріпханқажы Тұрғанұлы талай жылдан бері жаны жаралы, жарымжан жандарға отбасының атынан аялы алақанын жайып, жандарына жылылық ұялатып келеді. Жыл сайын «Аялы алақан» бағдарламасында болып, өмірден қаяулық көрген жандарға көмек қолын созуда. Шолақай ауылына келіп мектепте өткен «Қамқорлық аясында» акциясына, «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының атынан имандылық жүрегімен жылы сөздерін арнап, денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балаларға сыйлықтар тапсырып, қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етіп, балалардың қуанышын бірге бөлісті. Мектеп асханасын жалға алушы Санәм Тұрсынқызы Садыкова балаларға арнап дастархан жайды.

Қам көңіл ата-аналар балаларына деген қамқорға дән риза болып, мектеп әкімшілігіне, қажының отбасына, «Қазақ тілі» бастауыш ұйымына және де Санәм Тұрсынқызына рахметтерін айтты.

Мектеп директоры Құрбангүл Балтабайқызы «Қазақ тілі» қоғамының аудандық басқарма мүшесі Пәтігүл Мұхаметшәріпқызына, Шәріпханқажы Тұрғанұлына, жұбайы Камалия Жазылбекқызына, асхана меңгерушісі Санәм Тұрсынқызына үлкен алғыс жолдап, отбасына амандық, дендеріне саулық тіледі.

Сеитова Гаухар

Төлеубайқызы

Туған жылы: 1968 жыл

Білімі: жоғары, – 1991 ж, Абай атындағы ҚаҰПУ 2007 жыл технология, сызу пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 19 жыл

Санаты: жоғары

Автор:
Г.Т. СЕИТОВА «Ж.Бусаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»мемлекеттік мекемесі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Панфилов ауданы Алматы облысы