Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ


15 октября 2009, 08:43 | 4 193 просмотра


Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» - делінген.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту-баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму орталығын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі. Осы орайда балабақшамыздың педагог - тәрбиешілері «Білім негізі- балабақшадан»- деген қағиданы бетке ұстап, жыл өткен сайын өмірдің ағымымен түрлі технологиялар мен жаңа ақпараттық көздерін пайдалануда. Себебі, кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Бала тәрбиесінің жөргектен басталатынын ескерсек, баланың ақыл-ойын, тілін, өмірге құштарлығын дамыту, оларды оқу процесіне дайындау, адамгершілік нышандарын, еңбекке икемділіктің бастамасын қалау осы мектепке дейінгі жүйелі тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асады. Өйткені, мектепке дейінгі кезең - баланың іс-әрекетінің қалыптасуы мен дамуы қуаттылығымен жүретін ерекше қайталанбайтын мезгіл. Осы мезгілде балаға берілетін білім мен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан, ең алдымен баланың жеке басының ерекшеліктерін анықтап, педагогика-психологиялық картасын жасап, күнделікті оқу-тәрбие жұмысында баланың даму ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру қажет. Осы орайда біздер оқу жылының басында әр баланың жеке ерекшелігін, яғни темпераментін анықтап алдық./ сызба арқылы темперамент туралы қысқаша түсінік.

Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие сапасын жақсарту тәрбиешіге жүктеледі. Өйткені тәрбиеші-басқарушы, бақылаушы, ұйымдастырушы, зерттеуші, жобалаушы.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың зерттеушілік әдісі;

1.Мәселені анықтап,қоя білу

2 Болжам, жорамал жасау-бақылау, эксперимент

3.Ой тұжырымдау

4.Қортындылау

Балабақша ұжымының мақсаты - оқу-тәрбие жұмысын ұлттық тәрбие негізінде жүйелі түрде жоспарлай отырып, жас ұрпақ бойына дарыту.

Яғни, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін халықтық педагогиканы кеңінен пайдалану.

ХХI-ғасыр- бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек.

Автор:
Б.О.Абдрахманова Ескелді ауданы «Балдәурен» балабақшасының әдіскер-психологі