Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ҚУАНЫШ


24 сентября 2009, 05:09 | 2 632 просмотра


Қыркүйек айының 18 күні облысымыздың орталығындағы жоғары оқу орны І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері үлкен қуанышқа бөленді. Жастардың қуанышына біз де ортақтастық. Бұл Университеттің ақылы бөлімінде оқитын озат та үлгілі білімгерлеріне гранттар табысталды. Конференцияның алғысөзін Жетісу мемлекеттік университетінің иновациялық технология ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры – Нұрғабыл Дүйсебек Нұрғабылұлы бастады.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде бұл күнде 6 мыңнан астам студент жоғары білім алып жатыр. Биылғы оқу жылында университетке 2270 студент қабылданды. Оның 1613-і университеттің күндізгі және сырттайғы бөліміне келсе, 657-і колледжді таңдады. Ал, магистратурада 56 магистрант білім алуда.

2008-2009 оқу жылында университетіміздің 64 білімгері Елбасы бөлген қосымша грантты иеленіп жоғары оқу орнын үздік бітірген болса, биылғы оқу жылында олардың саны 34 студентке жетіп отыр.Бұл студенттер Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен республикамыздың жоғары оқу орындарында босаған білім грантына ауыстырылды.

Сондай-ақ, облыс әкімі тарапынан бөлінген Әкім грантында жетісулық 120 білімгер оқуын жалғастыруда.

Мемлекеттік білім грантына ие болған білімгерлер тізімі:

Идирисова Динара Құдайбергенқызы 3-курс

Алиұлы Нұрым 3-курс

Тлеубекқызы Арайлым 3-курс

Макаренко Виктория Александровна 4-курс

Хван Виктория Александровна 4-курс

Қожабекова Гүлмира Елубекқызы 4-курс

Қонысбекова Мақпал Рымқұлқызы 3-курс

Оразалиева Арайлым Сайлаубекқызы 3-курс

Нысанбаев Қуаныш Шалқарбекұлы 4-курс

Тілеулесова Әлия Тілеубайқызы 3-курс

Шаймарданов Айдар Боранғазыұлы 3-курс

Кудеев Денис Николаевич 4-курс

Байтұлақова Нұргүл Әділқанқызы 3-курс

Бекбосынова Айнұр Серікболсынқызы 3-курс

Мейрамбаев Айгерім Оразханқызы 4-курс

Нұрпейісова Рауан Жапарқызы 4-курс

Ұланова Дана Ұланқызы 3-курс

Әділбаев Айбек Мұратұлы 4-курс

Жұмағазина Жадыра Болатқызы 4-курс

Тайтиева Айнұр Сүлейменқызы 4-курс

Бейсембаева Жазира Талғатқызы 3-курс

Аязова Батима Адлвакасқызы 3-курс

Мұсатайқызы Айгүл 3-курс

Рахманова Нагима Бекетқызы 3-курс

Беспаева Мадина Сәбитқызы 3-курс

Рысбиева Айнұр Қанатқызы 4-курс

Далибаев Қайнар Қуанышұлы 3-курс

Биназаров Айдар Жұмабекұлы 2-курс

Игисинов Назым Майлыбайқызы 3-курс

Нұрбекова Жанар Талғатқызы 2-курс

Алипова Сания Жансерікқызы 3-курс

Кәдірбек Мәдина Айдарқызы 2-курс

Сембеков Әділет Ерланұлы 2-курс

Сабырбаев Айдос Сабырбайұлы 4-курс

Жоғарыда аттары аталған студенттерге куәліктерді салтанатты түрде марапатталып тапсырылды. Осындай зор табысқа қол жеткізген оқытушылар, студенттер мен ата-аналар бізбен ой бөлісті:

Жетісу мемлекеттік университетінің иновациялық технология ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры – Нұрғабыл Дүйсебек Нұрғабылұлы:

«Биылғы жылы елімізде Елбасымыздың тасырмасымен және министрліктің қолдауымен ақылы бөлімде оқитын білімгерлердің арасында конкурс жарияланған болатын. Конкурстың шартына сәйкес білімгерлер қысқы сессия қорытындысы бойынша мемлекеттік гранттың босаған орындарына ие бола алады. Алдымен, білімгердің оқу үлгеріміне үлкен мән беріледі. Содан соң құжаттары жиналып, университеттің ішінде іріктеліп, министрлікке жіберіледі. Ал министрліктегілер болса өзара конкурс жариялап, шыққан қорытынды бойынша білімгерлерге грант бөліп, арнайы сертификат береді. Аталмыш конкурсқа біздің қарашаңырақтан да білімгерлеріміз қатысты, соның ішінде 34-і грант иегері атанды. Университетіміздің беделін асқақтатып, үмітін ақтап жүрген осындай білімгерлерге тек сәт сапар тілеймін! Алдағы уақытта тек қана биік шыңдардан көріне берсін!».

Жетісу мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің екі шет тілі кафедрасының 2-курс студенті – Кәдірбек Мадина:

«Биыл Елбасымыздың жастарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасының аясында өткізілген конкурстың нәтижесі бойынша грантты иелендім. Ұтып алған гранттың жеңілдігін, әрине, сөзбен жеткізе алмаспын... Мұндай грантты иеленген жастардың көбісі – үлгерімі жақсы, оқуда озат бола білген студенттер. Бұл жастарға мұндай айрықша жағдайды жасап отырған Елбасымыздың қырағы саясатының нәтижесі деп білемін. Менің білімімді, еңбегімді бағалаған Елбасымыздың қамқорлығын және университет ұжымына шексіз алғысымды білдіремін! Бізде оқитын әрбір студент еліміздің келешігіне елеулі өзгеріс енгізеді деп ойлаймын!».

Жетісу мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің тарих мамандығының 2-курс студенті – Сембеков Әділет:

«Биыл елбасымыздың қолдауымен Білім және ғылым министрлігі ақылы бөлімде үздік әрі жақсы оқитын қазақстандық білімгерлерге арнап 11 мың грант бөлген болатын. Жетісу мемлекеттік университетінің басшылығы мен осы конкурсқа қатысып, білім грантын ұтып алдым. Мен сонау Қарағандыдан осы қарашаңырақ - Жетісу мемлекеттік университетіне білім алуға келдім. Грантты жеңіп алғаныма қуаныштымын! 1-курста жақсы оқығанымдай, әрмен қарай да сол бағыттан таймай, білімімді одан әрі ұштап жалғастырамын деп үміттенемін! «Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан бабамыз айтқандай, Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бізге үлкен сенім артып, қолдау көрсетіп отыр. Енді ата-анама да ауыртпалық түсірмей, олардың, университет ұжымының және Елбасының сенімін ақтауға барынша тырысамын! ».

Жетісу мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінің 3-курс студенті - Бекбосынова Айнұрдың анасы:

«Бұл Елбасының жай ғана қамқорлығы деп айта алмаймын. Әкелік қамқорлығын да сезініп отырмын.

Баламның үлкен өмірге деген жолының ашылуы деп білемін. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етуге тәрбиелеймін.

Елбасымызға алғысымыз шексіз. Сонымен бірге, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Әбдіманап Елікбайұлына және университет ұжымына рахмет айтамыз. Еңбектеріңіз жана берсін».

Қаржы дағдарысы кезінде жастарды әлеуметтік жағынан қорғап, олардың ақысыз білім алуына жасалып жатқан қамқорлыққа студенттердің және олардың ата-аналарының алғысы шексіз.

Автор:
Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ