Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰБТ- ға дайындықтыңпсихологиялық ерекшеліктері


22 октября 2009, 09:22 | 4 705 просмотров



Ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттауы мен жоғары оқу орындарының қабылдау емтихандарын біріктіру болып табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізудің мақсаты білім беру қызметін объективті бағалауға, оларды нақты рейтингтерін анықтауға, жалпы орта білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтуге, оқушылар мен мұғалімдердің оқу қорытындысын дәлелдеуге, білім бағытын және мазмұнын жетілдіруге, оқу бағдарламасын, оқулықтардың технологиясын оқытуға, мұғалімдерді даярлауға мүмкіндік беретін болады. Ұлттық бірыңғай тест тапсырған кезде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау керек. Әр баланың оқу іс-әрекетінің өзгешелігі оның өзіне тән жеке ерекшеліктерімен байланысты: ойлау, есте сақтау, зейін. ҰБТ тапсыру кезінде қиыншылық көруі ықтимал балаларды мынадай топтарға бөлуге болады:

•Мидың оңжақ жарты шары дамыған бала

•Синтетиктер

•Мазасыз балалар

•Өз-өзіне сенімі жоқ балалар

•Озат оқушылар

•Астеникалық (енжар)балалар

•Гипертимді (жылдам) балалар

•Баяу(ақырын) қабылдайтын балар

•Аудиалдар және кинестетиктер

Мидың оң жақ жарты шары дамыған бала қиялы, бейнелі ойлауы жақсы дамыған. Олар салыстыру, бейнелеу, образдарды жақсы қабылдайды. Бұл балаларда логикалық ойлау қабілеті анық емес.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар олар гуманитарлық пәндерді жақсы игереді, бірақ математикалық пәндерде қиналады.

Дайындық тәсілі: оқушыларды өз қиялын бейнелі ойлауын қатыстыра отырып (сурет, салыстыру, бейін) дайындау керек.

Синтетиктер көп нәрсеге жалпы түрде қарайды. Жеке бөлшектерге назарын аз аударады.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар. Олар жобалар жасай алмайды.

Дайындық тәсілі: мұндай оқушыларға өз іс-әрекетін жалпыдан жекелеуге үйрету керек. Қорытынды жасау дағдысын дамыту керек. Әр тақырыпты өткенде оны қорытындылау, әр топқа бөліп және мәнін келтіріп үйрету керек.

Мазасыз балалар. Бұл балалардың оқу процесінде көңіл-күйі төмендеп, қиындай түседі. Бақылау жұмыстары, диктанттар балаларды мазасыздандырады.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар мазасыз балаларға ҰБТ- да өте қиын тиеді. Үлкендердің эмоционалдық қарым-қатынасын қажет етеді.

Дайындық тәсілі. Дайындық кезінде үлкендер мазасыз балаларға өздерінің ілтипатын, сенімділігін білдіріп, көмек көрсету керек.

Өз-өзіне сенімі жоқ балалар. Бұл балалар өз ойларына сенбей, басқа адамдардың ойына сенеді.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар. ҰБТ де бұл балалар өздерін қиын сезінеді. Өйткені, олар өз беттерінше шешім қабылдай алмайды, өздеріне сенбейді.

Дайындық тәсілі. Балаларға өз шешімдерін қабылдауға үйрету қажет. ,,Сен қалай ойлайсың, қай жұмыстан бастау керек: қиыннан ба немесе жеңілден бе?

Зейінсіз балалар.Бұл балаларда көп көңілдерін басқа жаққа аударады. Өз-өзін ұстау өте төмен деңгейде. Зейінді болуына олардың психикалық құрылымы қалыптасқанымен бұл балаларда ұйымдастырушылық қабілеті төмен деңгейде. Жұмыс істеу қабілеті тұрақсыз болады.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар ҰБТ жұмысты ұйымдастырудың жоғары болуын талап етеді. Өз-өзін ұстауға еркі жетпейтін балалар танымдық дамудың жалпы жоғары деңгейде алған білімі жеткілікті бола тұра, берілген уақытты дұрыс пайдалана алмайды.

Дайындық тәсілі. Дайындық кезінде осындай балаларды уақытты тиімді пайдалану үшін құмсағат, сызғыш сияқты материалдық құралдар пайдалану керек.

Үздік оқушылар. Бұл балаларда сабақ үлгерімі, жауцапкершілігі, ұйымдастырушылығы өте жоғары. Тапсырмаларды өте тез және жылдам орындауға тырысады. Осы балалар мақтағанды жақсы көреді. Өзін жақсы сезіну үшін оларға тез үлгеру керек.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар Осындай балаларға тапсырманы қалдырмай, бәрін бірақ орындау қажет және нәтижелі болуды қалайды.

Дайындық тәсілі. Дайындық сәттерде үздік оқушыларға жаттығулар, тапсырмаларды беру керек.

Астеникалық (енжар) балалар. Енжар балалар дегеніміз өте тез шаршайтын, әлсірейтін балалар. Олардың жұмыс екпіні баяу болып, қателері көбейе бастайды. Шаршағандық көбінесе жоғары нерв жүйкесімен байланысты, сондықтан табиғи жүйкелік шаршау басым.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар ҰБТ да ұзақ уақытты (3 сағ.) жоғары жұмысқа қабілет талап етеді. Енжар балаларда жұмыс сапасы төмендеуі мүмкін, шаршағандық пайда болады.

Дацындық тәсілі. Мұндай балаларға дайындық кезінде жиі демалыс беру керек.

Гипертимді (жылдам) балалар. Бұл балалар өте тез, белсенді, жігерлі болады. Жұмысты тез орындайды, қызба, ашуланшақ балалар. Тапсырманы тез орындайды, бірақ қатесі көп болады, қатені түзетпейді.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар. ҰБТ- да ұқыпты, зейінді болуды талап етеді. Ал гипертимді балаларда бұл қасиеттер жоқ, сондықтан олардың әлсіз жақтары осы.

Дайындық тәсілі Бұл балаларға өзін-өзі бақылау функциясын үйрету қажет, тапсырманы орындағаннан кейін, оны тексеру, қателерін табуды талап ету керек.

Баяу қабылдайтын балалар. Бұл балалар өте баяу қимылдайды, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуы өте қиын болады. Оларды асықтырсаң, жұмыс әрекеті төмендейді.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар. ҰБТ тез жинақы болуды талап етеді. Бір тапсырмадан екінші тапсырмаға көшуді тез орындауы қажет.

Дайындық тәсілі. Бұл балаларға тапсырма беріп, осы тапсырмаға саған осынша уақыт беріледі деген тапсырмалар бірінші жұмыстан екінші жұмысқа ауысуын үйретеді.

Аудиалдар және кинестетиктер. Қоршаған ортаны Адам есту, көру, сезу түйсіктері арқылы қабылдайды. Әрбір адамда осы үш қастиеттің біреуі жақсы дамиды.

ҰБТ-де кездесетін қиыншылықтар. ҰБТ- да визуалды (көріп есте сақтау қасиеті бар) балаларға жеңіл болады, ал аудиалдар мен кинестетиктер біраз қиналуына тура ке леді.

Дайындық тәсілі. ҰБТ –да аудиал оқушылар өзі ғана еститіндей, ішінен қайталап отыруы керек. Кинестетиктер дене мүшелерін (қол, аяқ) қимылға келтіре отырып, ойлану барысында өздеріне осылайша көмектеседі.

Алғашқыда психолог маман оқушылармен әңгіме жүргізу арқылы «ҰБТ жағдайына және ҰБТ кезіндегі оқушылардың психологиялық мінез-құлқына» талдау және болжам жасайды. Талдау мен болжам нәтижесінде мектеп оқушыларының психологиялық қолайсыз жағдайларға шыдамсыздығы және ауыр қабылдаулары анықталатын болса, психолог маман оқушыларға арнайы психологиялық курс бағдарламасын құрғаны жөн.

Курс бағдарламасы оқушылардың психологиялық даярлығының ерекшелігіне, яғни ҰБТ –ға деген көзқарасы мен қатынасына байланысты жасалады.

Мектеп басшылығымен, ұстаздар ұжымымен және ата-аналармен келісе отырып құрылатын бұл курстың мақсаты оқушыларды ҰБТ –ға дайындау арқылы олардың психологиялық саулығын қамтамасыз ету. Курсты 3 бөлімге бөлуге болады.

1 бөлім. Мұнда оқушылардың ҰБТ-ға бойсұнуы, емтиханға оң көзқарас қалыптастыруы, дайындалудың өзіндік дербес стратегиясын құруы, көңіл-күйі мен ҰБТ кезіндегі жұмысын алдын-ала нәтижелі құруға, логикалық ойлау жұмыстарын ұйымдастыру.

2 бөлім. Қорқыныш, мазасыздану, үрей сияқты ішкі күйін анықтау және түзету жұмыстарын жүргізу. Мұнда арнайы диагностикалық әдістерді және түзету техникаларын қолданады.

3 бөлім. Оқушылардың ерік-жігерін реттеу жұмысы және толық курс бойынша алған білімдерін жүйелеу, сондай-ақ оларды қолдануға үйрету жұмыстары жүреді.

Оқушыларды психологиялық даярлау жан-жақты сипатта және ұйымдастырылуы бойынша педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен бірлесе жүруі тиіс. Оқушылармен жүргізілген жұмыс пәндік даярлықпен қоса педагогикалық кеңесте, ата-аналар жиналысында талқыланып отыруы қажет.

Автор:
Ұ.М.Мадиева, Үшарал қазақ гимназиясының психологы