Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАРЫТУ


3 июня 2011, 07:53 | 2 276 просмотров



Адамгершілік дегеніміз- жас адамның бойында ұнамды мінез-құлық, әдеп пен ибалылық, жарасымды талғам мен таңдау қасиетін, жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруда педагогиканың алатын орны ерекше. Алайда жастар арасындағы адамгершілік тәрбиенің жағдайын зерттеуші ғалымдар кейбір адамдардың арасында моральдық салалардың жеткілікті дамымағандығын, адамдар арасындағы биік мұратты қарым- қатынастарға немқұрайды қарайтындығын айтады. Мұндай олқылықтардың орын алуы- жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде ағарту ісін. Адамгершілікке тәрбиелеуден бөліп қарауға болмайды деген тұжырымның дәлелі.

Өмірдің өзі дәлелдеп бергеніндей, адам бойындағы адамгершілік нышан оның санасындағы этикалық ұғымдармен шамалас бола бермейді. Мысалы, сабаққа солғын қарайтын, оған кешігіп келетін, сабаққа дұрыс дайындалмайтын,кітапханадан алған оқулығын тоздырып қайтаратын оқушылардан не күтуге болады? Ондайлар біздің мораліміздің қарапайым нормаларын біле тұра бұзған, білгенін өмір салтына айналдыра алмаған тоғышар болып табылады.

Білім мен дағды арасындағы айырмашылықты жоюда педагогика ғылымының, оны оқытушылардың ролі осындайдан туындайды. Адамның адамгершілік сапаларын қалыптастыру ғылымындағы ғылыми да практикалық мол мүмкіндіктерді оқытушының оқушы санасына жеткізе білу эрудиция мен шеберлікті керек етеді.

Оқушылардың рухани қазынасын байтуға, адамгершілік сипатын қалыптастыруға көп еңбек сіңіру керек. Тегінде тәрбиенің қонымдылығы сауаттылықтан ғана емес, ең алдымен алған білімді іс-жүзінде қолдана білу,білімді жеке бастың нанымы мен дағдысына айналдырумен ғана толық болмақ, сол себепті мектеп оқушыларына берер білім әркімнің өзін-өзі тәрбиелеумен, қабілет дамытумен, ой-өрісті кеңейте берумен ұққан ереже, нормаларды өз басының іс-әрекеттерінің күнделікті дағдыларымен толығып, жарасымды орнығатындығын оқушы жақсы білуі керек.

Адамгершіліктің теориялық негіздерін игеріп қана қою оқушының адамгершілікке жетуі деген ұғым тудырмайды. Теория оқушының іс-әрекетімен жалғасып жатса ғана нысанаға тигені.Јмір деген тік жол емес, оның өткелдері, бұрылысы, кедергісі кездессе, соларды жеңе білген ғана мұратына жетпек. Оқушыны осы қағидаға шақырып, табар жолын түсіндіру әр мұғалімнің міндеті деп білем.

Оқушыларды адамгершілікке, тәрбиелеудің төте жолы тәрбиенің оқушымен бірлігінің іс жүзінде көрінуіне тікелей байланысты.Егер нақты оқу тапсырмаларын орындау,жекеленген топтарда тәртіп пен ұйымшылдықты нығайту, оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамыту мәселелері адамгершілік тәрбиесімен нашар байланыстырылса, тәрбие нәтижесіне үміт арту бос әурешілік.Екінші жағынан егер адамгершілікке тәрбиелеу әрекеті сыныбына қатысты шамалылау, жалпы мәселелерге ғана арналса, онда оқыту мәселесінің кедергіге ұшырайтынын ескерген жөн.

Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарында белсенді қызмет атқара жүріп жастар бойларында ұйымдастырғыштық әрі ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастырады. Осының барлығы адамгершілік тәрбиесінің мәні- рухани бай, қоғам, адам үшін қарақан басын сауғалап қалмай, басын бәйгеге тігетін оқушы тәрбиелеп шығу екендігіне айғақ болса керек.

Автор:
С.САНДЫБАЕВА Коксу ауданы, Балпық би кентіндегі қазақ орта Мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі