3 июня 2011, 07:48 | 6 373 просмотра
Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: Оқушылардың сөйлем түрлері туралы алған білімдерін тиянақтау. Сөйлем түрлерін ажырата білуге машықтандыру. Оқушы бойындағы таным мүмкіндіктерін анықтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, логикалық ойлауын, көз алдына елестете отырып байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаның сырларына қызықтыру арқылы табиғатты сүйе білуге баулу, қорғауға тәрбиелеу. Оқушы бойындағы жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтау, болжау, Шаталовтың тірек сызбаларын қолдану, ойын, көрнекілік.
Сабықтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, үлестірме тапсырмалар, гүлдердің тірек сызбалары, тыныс белгілерінің макеті, тірек сызбалар, бүктеме. Қолданылатын ОТҚ-ы: DVD, СD диск, компьютер.
Пәнаралық байланыс.
Дүниетану, ана тілі, музыка
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жаттығу
Ой қозғау
–Балалар далаға қарайық
–Бұл қай мезгіл?
–Осы мезгіл сендерге ұнай ма?
–Ендеше біз сендермен осы көктем мезгілі туралы сөйлемдер құрап, алдымыздағы гүл шоғын ашайық.
Сұрақ. 1. Сөйлемнің қандай түрлері бар?
2. Ережелерді еске түсіру яғни, біздің бүгінгі мақсатымыз – сөйлем түрлері туралы алған білімімізді толықтыру және тиянақтау
3. Үй тапсырмасын тексеру
Берілген тапсырма: Сөйлем түрлерін қайталау
–Балалар, біз сендермен мына монитордағы сөзді оқиық.
–Дос, бейбітшілік
Енді осы сөзді қатыстыра отырып хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем құрастырып көрелік.
Үй тапсырмасын бекітуге толықтыру тестін пайдаланамын. Толықтыру тестін топ бойынша дайындаймын.
Мысалы.:1.Жазғы демалыста қалаға...
2. Жаңбыр себелеп...
3. Оқушыны серуенге...
4. Оқушының білімін тексеру, дәптермен жұмыс, көркем жазу
А) Мен үшінші сыныпта оқимын
Ә) Бүгін сен қандай баға алдың?
Б) Алақай, қоңырау соқты!
442-жаттығу.
Әңгімені тиісті дауыс ырғағымен оқы. Мәтінді сөйлем түрлеріне талда. Соңғы сөйлемді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір. Сергіту сәті (әуенге сай би билеу және оны сөйлемдермен өрнектеу)
Мақсаты: Сөйлем түрлерін ажырату және түрлендіру
Мысалы: 1. Біз не істеп жатырмыз?
2. Бүгін биге барамыз.
440-жаттығу. Сөйлемдердің ара жігін ажырат. Әр сөйлемнен соң тиісіті тыныс белгілерін ажыратып қойып, көшіріп жаз. Оқығанда бір сөйлемнің айырмашылығын екінші сөйлемнен қалай ажыратуға болатынын түсіндір. Жазған сөйлемдеріңнің түрлері қандай?
Үлестірме тапсырмалар бойынша жұмыс.
Әр оқушыға сөйлем түрлерін таратамын. Оқушылар берілген сөйлем түрлерін анықтап, тақтаның алдындағы .,?,! белгілерінің жанына барып топ құрайды.
5. Сабақты бекіту.
Сызба нұсқа бойынша сөйлем құрау
Болжау стратегиясы бойынша Көктем қоржынын топтастыру
Көктем қоржыны
Сөзден сөз шығару ойыны
Кемпірқосақ: сақ, кемпір, пір, қос, ақ, ос, ем, кем, қосақ.
Сөйлем түрлеріне арналған тірек сызбалары бойынша сабақты қорытындылап, оқушылар жауабындағы ерекшеліктерді атай отырып, гүл шоқтарын санау арқылы әр оқушының сабаққа қатысуын бағалаймын.
6. Үйге тапсырма
А) 441-жаттығуды орындау. Тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп, жаз.
Ә) Қосымша: әр сөйлемнің түрлерін екі сөйлем құрастырып, жазып келу.
Б) Ережені қайталау.