Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ХХІ – ғасырдағы қосымша білімнің жаңа көкжиегі


22 октября 2009, 09:49 | 4 408 просмотров



Күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болып отыр. Болашақтық иесі- жастар, жас ұрпақ.Сол ұрпақ тәрбиесі, білімі, біліктілігі, сан қырлы азамат болып өсуі –мына біздерге, ұстаздарға байланысты.

Ұлылық пен дархандықтан тамыр тартқан дана халқымыз «білімдінің мыңды жығатынын»ескертіп, «Оқу- білім азығы, білім- ырыс қазығы» деген тағылымға толы өсиет қалдырған. Білім беру ісі кез келген қоғамның жан-жақты кемелденіп өсуіне ерекше ықпал етеді. Өйткені, осы жүйенің сапасы арқылы мемлекет пен жеке тұлғаның интеллектуалдық әуелеті қалыптасады. Сондықтан да, Елбасымыздың «бәрі де мектептен басталады» деп атап көрсетіп, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп отырғаны баршамыз белгілі.

Адам баласына білім мен тәрбие егіз берілгенде ғана мақсатына жетеді. Жас жеткіншектің табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бала қабілеті мен дарынын толық ашу тек қана бала үшін емес, ең алдымен қоғам үшін де маңызды болып отыр. Мектепте білім нәрімен қаруланған ұрпақты одан әрі жетілуіне, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық шыңға жетуіне қосымша білім беру мекемелерінің атқарар ролі зор.

Ұлы ғұлама Әл-Фараби: «Дүниені өзгертудің екі жолы бар: біріншісі –білім арқылы, екіншісі- руханият арқылы» деген екен. Сол руханиятты ашар жол- қосымша білім беру мекемелері.

Үшарал қаласындағы балалар шығармашылық орталығының жас ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеуде атқарған жұмыстары баршылық. Осы жетістіктерге біз қалай жеттік. Ол ең алдымен жұмысты дұрыс жоспарлап, алдыға айқын мақсат қойғандықтан дер едім. Осы мақсатқа жету үшін мүмкіншіліктерімізді талдай отырып, келелі мәселені таңдап алдық. Шығармашылық орталықтың біртұтас педагогикалық келелі мәселесі- «Құзыреттілікті дамыта отырып, қосымша білім беру мен тәрбиелеудің көпбағдарлы моделін қалыптастыру». Келелі мәселе бойынша балалар шығармашылық орталығының 2007-2010 жылдарға арналған Даму бағдарламасы құрастырылып, жұмыс жоспарлары жасалды.

2000 жылы 250 баламен ашылған балалар шығармашылық орталығында, қазіргі уақытта 490 бала дәріс алады. 3 бағыт бойынша 17 үйірме жұмыс істейді. Олар: музыка, өнер, кәсіби бағдар бағыттары.

Балалар шығармашылық орталығы аудандағы жалпы білім беретін мектептермен ынтымақтастық байланыста жұмыс істейді.

Даму бағдарламасы 2007 жылдан бастап тәжірибеге енгізіліп, жобалау кезеңінен өтіп, сынақтан өткізу кезеңінде.

Бағдарлама мақсаты: Қосымша білім беру мен тәрбиелеудің көпбағдарлы моделін қалыптастыру.

Бағдарлама міндеттері:

-Педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін оқып үйрену.

-Қосымша білім беру мекемесін көпбағдарлы орталыққа айналдыру үшін оқу-тәрбие мазмұны мен құрылымын жетілдіру.

-Өскелең ұрпақтың қызығушылығы мен мүмкіндігін дамытуға, бағытталған қосымша білім беру үйірмелерінің авторлық бағдарламаларын құрастыру.

-Балалар шығармашылығын дамыту және қолдау.

-Алға қойылған мақсаттар мен жаңашыл ойларды іске асыру және орындау үшін педагогтардың шығармашылығына жағдай жасау.

Бағдарламаның орындалу мерзімі: 2007-2010 жылдар

Күтілетін нәтиже:

-Қосымша білім беру мен тәрбиелеудің көпбағдарлы моделі қалыптасады.

-Бәсекеге қабілетті, өмір сүруге бейім, шығармашыл, білімді, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиеленеді.

-Оқушылардың өзін-өзі тануға дайындығы, өз мүмкіндіктерін өзі, жүзеге асыру қажеттіліктері мен белсенділік ұстанымы қалыптасады.

-Педагогикалық ұжымның инновациялық және ғылыми әдістемелік қызметі жанданады.

Материалдық – техникалық қамтамасыз етілуі

Ғылыми - әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз етілуі

Қосымша білім беру мен тәрбиелеу мекемесінің құрылымын жетілдіру

Балалар контингентімен жұмыс

Педагог мамандармен жұмыс

Бағдарламаны жүзеге асырудың негізі бағыттары

1.Педагог мамандармен жұмыс

-Конкурстық негізде педагог мамандарды іріктеу;

-Педагог мамандарды білімін жетілдіру курсынан өткізуді қамтамасыз ету;

-Семинарлар, тренингтер, әдістемелік оқулар ұйымдастыру;

-Озық тәжірибелерді жинақтап, тарату;

-Қосымша білім беру мен тәрбиелеу сапасына бақылау жүйесін құру

2. Балалар контингентімен жұмыс

- Балалардың қызығушылығын анықтау:

- Түрлі байқаулар, тақырыптық кештер, фестивальдер, таным-жорықтар,ойындар, акциялар ұйымдастыру;

- Қоғамдық ұйымдармен жұмысты жандандыру

3. Қосымша білім беру мен тәрбиелеу мекемесінің құрылымын жетілдіру

- Тиімді педагогикалық технологияларға негізделген қосымша білім беру мен тәрбиелеудің көпбағдарлы моделін қалыптастыру;

- Үйірмелердің жұмысын жандандыру (санын, сапасын арттыру)

- Үйірме жұмыстарын бағыттарға бөлу, өнер, музыка, әдебиет, бейнелеу өнері, кәсіби бағдар бағытында, қолданбалы ұлттық өнер, экологиялық бағыт, мамандыққа бейімдеу, техника үйірмелерін ашу.

4. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі

- Оқу жоспарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу

- Авторлық қосымша білім беру бағдарламаларын жасау

- Озық іс-тәжірибелерді баспасөз беттеріне жариялау

- Жаңа технология туралы ақпараттар банкін құру

- Ата-аналармен жұмыстарды жандандыру

5. Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

- Үйірмелерге қажетті құрал-жабдықтарды (муз. аспаптар, радиотехникалық бөлшектер, костюмдер, декорациялық жабдықтар т.б )

- Ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету.

Даму бағдарламасының жүзеге асыру кезеңдері

І кезең. 2007- 2008 оқу жылдары

Жобалау кезеңі

ІІ кезең. 2008-2009 оқу жылдары

Сынақтан өткізу кезеңі

ІІІ кезең. 2009- 2010 оқу жылдары Қорытынды кезеңі

-Келелі мәселе бойынша ғылыми – педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып, үйрену, талдау және жүйеге келтіру.

-Педагогикалық-әдістемелік оқулар ұйымдастыру;

-Шығармашылық топтар құру.

-Жаңа технологияларды енгізу;

-Авторлық бағдарламаларды құрастыру, тәжірибеге енгізу;

-Ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы тәжірибе жинақтау;

-Жинақталған тәжірибелерді талдау және ұсыныстар енгізу;

-Әр түрлі деңгейдегі конкурстық іс-шараларға қатысу

-Алынған нәтижелерді жинақтау, қорытындылар шығару;

-Қорытындылар бойынша ғылыми- практикалық конференциялар өткізу.

Бағдарлама іске асырылған соңғы жылдары балалар шығармашылық орталығы ұжымының жұмыс мәні мен әлеуметтік өсуінде елеулі өзгерістер байқалды. Бағдарлама орталықтың әр педагог кадрларының ат салысуымен жүзеге асырылды. Әр педагог өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жоспар бойынша жұмыс істейді.

Үйірмелерде мәдениеттілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу ісшараларын өткізу, үйірме жетекшілерінің ата-аналармен байланысы, оқушылармен қарым-қатынасын жандандыру жұмыстары алға қойылған. Балалар шығармашылық орталығының сыныптан тыс өткізілген тәрбиелік іс-шаралары жас жеткіншектерге ұлттық салт-дәстүр, өнер, мәдениеттің қыр-сырын таныта отырып, әсемдік әлеміне баулу мақсатында өткізілген «Күй күмбірі», «Алакөл жұлдыздары», «Биші балапан», Халық әртісі З. Қойшыбаеваға арналған «Әнші болғым келеді», «Патриоттық әндер», «Ана-өмір бастауы», «Ән аға-Шәмші аға», «Жас күйші» т.б байқауларының маңызы зор болды. Ұлттық өнерімізді, халықтық салт-дәстүрімізді сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеуде оқушылар арасындағы қолөнер көрмесі, «Анам және мен», «Ұлттық өнерімізді сақтаймыз, әрі дамытамыз», «Шеберлер» байқауы, «Жер жаннаты-Жетісу», «Гүлдене бер Қазақстаным», «Алакөлім-алтын бесігім», «Жас конструкторлар» шығармашылық көрмесін, Жұмсақ ойыншықтар көрмесі, әртүрлі тақырыптағы сурет көрмесі т.б. ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау барысында «Біз есірткіге қарсымыз», «СПИД-ХХІ ғасыр індеті», «Денсаулық» фестивалі өткізіледі. Жыл сайын өтетін Әскери бөлімдерге концерт, Балалар шығармашылық орталығының қорытынды есеп беру концерттерін ерекше атап өтуге болады.

Жыл бойы түрлі ашық сабақтар өткізіліп, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып отырады. Пән бірлестіктері апталығын өткізу жұмыстары өз деңгейінде жүргізіледі. Аудан бойынша озық іс-тәжірибелер таратылып, «Музыка әлемінде» республикалық журналына, облыстық газет, журналдарға мұғалімдердің ашық сабақтары, тәрбиелік іс-шаралары, мақалалары жарияланып тұрады. Мысалы 2008 жылғы «Қосымша білім және тәрбие» Республикалық оқу-әдістемелік журналында біздің іс тәжірибелеріміз жазылып, таратылды. Осы журналда біздің жетістіктеріміз туралы талай жазылды.

Ғылыми іздену шығармашылық жұмыс тарымен айналысатын ұстаздарымыз Ү. Мырзаханова, А.Уалиева авторлық және жаңартылған қосымша білім беру бағдарламаларының республикалық байқауында ІІІ-ші орындарды иеленді.

Көркемөнер үйірмесінің жетекшісі Ү.Мырзаханова облыстық қосымша білім беру педагогтерінің байқауына қатысып, облыстық еңбек пәні мұғалімдерінің жәрмеңке байқауында ІІ-орынды иеленді. Алматы облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастырумен өткен «Жетісуым-жерұйығым» атты суретшілердің көрмесінде «Алакөлім- ырысым» атты композициясы облыс суретшілерінің жинақ кітабына енгізілді.

Соңғы үш жылда дәстүрлі өткізіліп жүрген Облыстық «Қосымша білім берудің үздік мекемесі» байқауында 2006, 2007 жылдары «Ұлттық өнерді насихаттаушы» және «Тәжірибе және дәстүр» номинациялары бойынша Алматы облыстық білім департаментінің құрмет грамоталарымен марапатталса, өткен 2008 жылы Облыстық « Қосымша білім берудің үздік мекемесі» байқауында І орын, биылғы 2009 жылында да І орынға ие болып үздік мекеме атағына ие болдық.

Балалар шығармашылық орталығы –жас ұрпаққа қосымша білім беру мен тәрбиелеу-

де біршама жетістіктерге жетіп облыс, республика көлемінде танымал болды. Соңғы 2007-2008 жылдың жетістіктерін ғана айтатын болсақ, І-халықаралық «Күншуақ» фестиваль байқауы, Алматы қаласында өткен Республикалық патриоттық әндер байқауы, Республикалық «Ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты байқауы, «Жас техниктер» және «Жастар шығармашылығы» республикалық байқауы, «Қазақстанның жас таланттары» атты танымдық бағдарлама, Түркістан қаласында өткен республикалық «Ұлттық мұра –асыл қазынам» танымдық бағдарлама атты байқауы т.б Облыстық «Дарынды жастар» байқауы, «Жетісу жұлдыздары байқауы, Қазақстанның Ү жастар Дельфийлік ойындары т.б жүлделі орындарға ие болып жүр.

Сонымен бірге орталықта « Алакөл әуендері» атты мұғалімдердің вокалдық тобы құрылған. Бұл вокалдық топ бірнеше рет облыстық байқаулардың лауреаты. «Атамұра» оркестрі мен фольклорлық ансамбль жемісті жұмыс істеп, аудан, облыс орталығында өнерлерін көрсетіп, көпшілікке танымал болды.

Жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу-бүкіл халақтық іс. Бұдан ешкімде тысқары қалмауы тиіс. Сондықтан басты парыз - жастарға терең, әрі сапалы білім беру, заман талабын сезініп, еліміздің еңсесін көтерер азамат тәрбиелеу.

Ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді сақтамаған, ата-баба тарихын білмеген, туған жерді қастерлемеген, ұлттық тілді ұмытқан жандардың ұлттық менталитеттен мүлде айырылып мәңгүрттене беретіні, сөйтіп олардың ұлт ретінде біртіндеп жер бетінен жоғалатыны тарихтан бізге мәлім.

Келер ғасыр иесі- бүгінгі егемен еліміздің ұрпағы десек, олпрға артылар сенім, артар жүк жеңіл болмасы анық. Сондықтан, бүгінгі жас ұрпақтың перзенттік парызы- батыр бабалардың рухына бас ию, ар намысын биік ұстау, елге тағзым ету, ұлттық тілімізді, ұлттық қасиеттер мен рәміздерді сыйлау.

Қорыта келе, «Асыл – тастан, ақыл –жастан» дегендей, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын жастарды тәрбиелей отырып, олардың әділетті де шыншыл, әдепті де иманды, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани мәдени құндылықтарды бойына сіңірген жас жеткіншектер қалыптасатынына сенімім мол.

Келешек ұрпақ үшін берері маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін, ең бірінші кезекте қосымша білім беру мекемелерінде –материалдық –техникалық базаны нығайту керек.

Бәсекелестіктің бәсі біліммен өлшеніп отырған кезеңде педагогтардың әлеуметтік мәртебесі ерекше маңызға ие болып отыр. Облысымызда қосымша білім беру мұғалімдердің мәртебесін арттыру, оларға әлеуметтік қолдау көрсету және кәсіби тұрғыда өркендеуін қамтамасыз ету мақсатында «Қосымша білім берудің үздік мекемесі» байқауы жыл сайын өткізіліп тұрады. Біздің балалар шығармашылық орталығы дәстүрлі 4 жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл байқауда 2 жыл облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса,соңғы 2008-2009 жылдары жүлделі І орынды иеленуде.

Қорыта келе сөзімнің соңында айтарым дана халқымыз: «бір жылыңды ойласаң, егін ек, он жылыңды ойласаң, ағаш отырғыз, болашағыңды ойласаң, жастарды тәрбиеле» дейді. Сол жастарды тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңіз жанып, үнемі күніміз нұрлы, жүзіміз жарқын болсын.

Автор:
А.У.Уалиева, Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығының директоры Алакөл ауданы