Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰШЫРСА ҰЯМЫЗ, ҚАЛАЙША ҚИЯМЫЗ


3 июня 2011, 07:45 | 2 949 просмотров



Өту әдісі: әңгіме, сұрақтар, пікір алмасу

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, сұрақтар.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе (Мұғалімнің сөзі):

Алтын ұя мектепті бітіріп, қияға қанат қағатын сендер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмтылмас жүрек тебірентерлік сәт те туған секілді. Өздерің күнде естіп жүрген оқушы деген сөздің қаншалықты жылы, қаншалықты қадірлі сөз екенін осы сәт саналы ұғынғандай боларсыңдар.

Қиындығы мен қызығы мол мектепті бітіріп өмір жолына түскелі отырсыңдар. Бүгінгі біздің соңғы тәрбие сағатымыз «Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз» деп аталады. Себебі, 11 жыл білім берген ұстаздармен қоштасар сәт те келді және бұл күн мәңгі есте қаларлық күн болып саналады. Бәріңе ақ жол сәт сапар деймін.

ІІ.Негізгі бөлім. (Әр оқушыға арналған сұрақтар қойылады, оқушылар өз ойларын айтады)

А) 1. Сыныптастарыңа не тілейсің?

2. Мектеп кезіндегі есте қалған ең қызық оқиға?

3. Мектептегі қатты ренжіген кезің есіңде ме?

4. Өз сыныбың туралы пікірің?

5. Сыныбында ерекше оқушылар бар ма, неліктен олар ерекше болып саналады?

6. Биылғы оқу жылына көңілің толды ма?

7. Пән мұғалімді ренжіткен кезің болды ма?

8. Қай пәнге қызығушылықпен бардың?

9. Өзіңді болашақты қалай елестетесің?

10. ҰБТ-ға дайындығың қалай?

11. Өз мектебің туралы пікірің?

12. Бастауыш сыныпта жаттаған тақпағыңды оқи аласың ба?

13. Ұстаздарға деген тілегің?

14. Өзіңді қандай оқушы болдым деп снаайсың?

15. Осы сәтте қандай сезімде тұрсың?

16. Қандай маманға иесі болғың келеді, себебі?

Ә) Ата-аналардың оқушыларға деген тілектері.

Б) Оқушылардың ұстаздарға деген алғысы.

Мирас:

Балапандай бауыр басқан ұяда,

Бірге өскен мектебін жан қия ма?

Жолдама алып, болашаққа өзіңнен

Білім іздеп, самғаймыз әр қияға.

Азамат:

Бірге жүрдік, 11 жыл бірге ойнадық,

Бірге оқыдық, 11 жыл бірге ойладық.

Келді бүгін қоштасатын кезіміз,

Ақтық рет мектеп тойын тойладық.

Назгүл:

Мектеп мектеп менің жарқын көңілім,

Мектеп, мектеп шаттық толы өмірім.

Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,

Мектеп, мектеп ана болып та, көріндің.

Арайлым:

Сенен ыстық алтын ұя таппадым,

Өзіңде өтті балғын бала шақтарым.

Қоштасамын қимастықпен мен енді,

Бетке алған соң балалықтың бақтарын.

3. Қорытынды:

Осындай балалықтың базары, білімнің ордасы болған мектеппен, білім мен тәрбиенің нұрын сепкен ұстаздармен, өмірге шақырғандай сыңғырлаған күміс қоңырау үнімен қоштасу сендер үшін бір жағынан қуаныш та, бір жағынан қимастық. Бүгінгі соңғы қоңырау үні ерекше, ол – мектепке шақырар соңғы қоңырау, ол – болашақ шақтан күтіп тұрған өмірдің келесі беліне апаратын қоңырау, ол – болашақ шақтан күтіп тұрған өмірдің келесі беліне апаратын қоңырау. Сәт сапар тілеймін, құрметті менің оқушыларым!

Автор:
Л.Е.НҰРАСЫЛОВА, №17 орта мектебі, Талдықорған қаласы