3 июня 2011, 07:43 | 1 712 просмотров
Семинардың жоспары бойынша ашылу салтанаты болып табылатын «Тәуелсіз ел болашағы – білімді ұрпақ» атты әдеби-музыкалық қойылым дайындалып, оған М.Ауесбаева жетекшілік ететін үйірме және дебат-клуб мүшелері қатысты Семинар М.Ауесбаеваның мұғалімдік қызметтегі шығармашылығы, нәтижесі мен жетістіктерінен басталды.
Аудандық әдістемелік бөлімнің бас маманы Б.А.Алексеева семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинардың мұғалім өз іс-тәжірибесімен таныстыратын бөлімі «Біліктілік мәні білімде» деп аталды. Мұнда мұғалім білім беру технологияларын сабағына енгізудің ең тиімді де оңтайлы жолдарымен таныстырды. Бұл бөлім бойынша мұғалім өз тезис-жоспарын түзді.
Өз әдістемесімен жан-жақты таныстыра отырып, мұғалім сабақтың кейбір кезеңдерінен қажетті үлестірме материалдарды таратып, үзінді көрсетті. Өз тәжірибесінде үздіксіз пайдаланып келе жатқан сатылай-кешенді талдау, деңгейлеп оқыту сияқты білім беру технологияларын қолдану арқылы қандай жетістіктерге жетуге болатындығын іс жүзінде көрсетті.
Сонымен қатар М.Ауесбаева өзінің 2010 жылы АОМКДИ ұсынуымен жарыққа шыққан «Дүние жүзі тарихы бойынша ҰБТ-ға дайындау» (6-11 сыныптарға арналған) тесттер жинағымен және онымен жұмыс түрлерімен таныстырды.
Әріптестерімен өзінің көптеген үлестірмелі және көрнекі құралдар, сабақтың әр түрлі кезеңдеріне арналған қима қағаздар, деңгейлік тапсырмалардың қағаздағы және электронды нұсқаларымен бөлісті.
Семинар соңында қатысушыларға пікір алмасу уақыты берілді. Айдарлы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ә.Жаңбырбаева, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі С.Садықова, Шежін орта мектебінің мұғалімі Б.Қадырқұлова сөз алып, әріптесі М.Ауесбаеваның зор еңбегін бағалап, қиын да қызықты жұмыста көрсеткен көмегі, алған қажетті материалдары үшін үлкен алғысын білдірді.
Сондай-ақ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Е.Ахметова, тарих пәні бірлестігінің жетекшісі Қ.Т.Омарова өз мамандығын жақсы көретін, шығармашылықпен еңбек етіп жүрген М.Ауесбаеваға бұдан әрі де еңбегінің жемісті болуын тіледі.
Семинарды мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары А.А.Ишпекбаева қорытындылады.
М.А.Ауесбаеваның жетекшілігімен мектеп оқушыларынан құрылған ұлттық оркестрдің орындауындағы Н.Тлендиевтің «Әлқисса», Құрманғазының «Адай» күйлері