Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алакөл ауданының түлегі халықаралық турнирда алған дипломының арқасында ҰБТ тапсырмастан ҚР ЖОО-ларының біріне оқуға түсті


10 июня 2011, 07:59 | 1 905 просмотров


Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал орта мектебінің түлегі Ерасыл Аяжанов «Компьютерлік физика-2011» атты халықаралық турнирдың ІІ дәрежелі дипломын иеленген болатын, сондықтан мектеп бітіруші түлек Ұлттық бірыңғай тест тапсырмастан, Қазақстан Республикасының кез келген жоғарғы оқу орнына оқуға түсуге мүмкіндік алды.

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Меңілбаева хабарлап өткендей, «Глюон» халықаралық зияткерлік клубының шақыруымен дарынды жас Ерасыл Аяжанов Ресейдің Протвино қаласында өткен халықаралық турнирға қатысты. Ол жарыстың ІІ дәрежелі дипломына ие болған.

Ал, Алакөл аудандық қоғамдық қорының қамқорлық кеңесі таланатты жасқа 4000 АҚШ доллары көлемінде материалдық көмек көрсетті.

Жас түлек - ұшқыш мамандығын таңдады. Екі рет Кеңестер одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бигелдинов атындағы ҚР Әуе қорғаныс күштері әскери институтының болашақ студенті Ерасыл бұл көмекке риза. Ендігі жерде ол Ақтөбе қаласына барып білім алады.

Дарынды жасты барлық аудан құттықтап, қуанышымен бөлісті.

«Айналайындағы» қуаныш

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйінде болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен, жағдайымен танысты.

Алдағы қыркүйекте ашылғанына 15 жыл болатын балалар үйінен бүгінге дейін 180 бала тәрбиеленіп шықса, соның отызға жуығы жоғары білім алып, қызмет істеуде. Балалардың ән мен күйден жасаған шашуын тамашалаған облыс басшысы.

«Қымбатты балалар, бүгін қал-жағдайларыңды білуге арнайы келіп отырмыз. Өйткені еліміздің болашағының жарқын болуы ең алдымен өздеріңе байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі сендердің сапалы білім, саналы тәрбие алып, заманға сай жан-жақты азамат болып өсулеріңді назардан тыс қалдырмайды. Осыған орай біз де барлық жағдайды жасауға күш салып отырмыз, қолдан келген көмекті аямаймыз. Өнерлеріңді тамашалап риза болып отырмын. Бұдан кейін де осындай көңілді қалыптарыңда жадырап жүрулеріңе тілектеспін. Біз қабақтарыңа кірбің ұяламауы үшін қолдан келген жағдайды жасайтын боламыз. Ең бастысы, жақсы оқып, жалынды азамат болып өсіңдер, - деді.

Балалар үйіне түрлі-түсті теледидар, қалы кілем, ұл балаларға арналған спорттық киімдер мен қыздардың әсем көйлектері сыйға тартылды.

Алматыда «Ер Төстік» деп аталатын анимациялық фильмдердің І қазақстандық фестивалі болады

Алматыда 13-15 маусым күндері «Ер Төстік» деп аталатын анимациялық фильмдердің І қазақстандық фестивалі өтеді. Оны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы ұйымдастырып отыр. Фестиваль кезінде «Қазақфильм» киностудиясы мен «Цезарь» кинотеатрында қазақстандық анимациялық фильмдердің көрсетілімі болады. Бағдарламада сондай-ақ, «Қазақ анимациясының келешегі мен дамуы» деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны және анимация саласындағы әлемдік жетекші мамандардың бірінің шеберлік дәрістері де жоспарланып отыр.

Алдағы қыркүйекте ашылғанына 15 жыл болатын балалар үйінен бүгінге дейін 180 бала тәрбиеленіп шықса, соның отызға жуығы жоғары білім алып, қызмет істеуде. Балалардың ән мен күйден жасаған шашуын тамашалаған облыс басшысы: «Қымбатты балалар, бүгін қал-жағдайларыңды білуге арнайы келіп отырмыз. Өйткені еліміздің болашағының жарқын болуы ең алдымен өздеріңе байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі сендердің сапалы білім, саналы тәрбие алып, заманға сай жан-жақты азамат болып өсулеріңді назардан тыс қалдырмайды.

Автор:
Жаңалықтарды Қазақпарат сайтынан әзірлеген Ә.ИЕБЕКОВА.