Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

САБАҚТЫ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


10 июня 2011, 07:55 | 3 196 просмотров


Жалпы оқушының пәнді сүйіп, қызығуына географиялық ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Бұл ойындар оқушының танымдық қабілетін дамытады. Сол себепті дәстүрлі емес, ойын элемент-

тері енгізілген сабақтарды өткізіп тұру керек. Көбінесе, 6-7 сыныптарда тарауды қорытындылауда, қайталау сабағында қолданған дұрыс. 6-сынып «Атмосфера» тақырыбын өткенде, ойын элементтерін пайдаланған өте тиімді. Осы кезде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, білімдері дами түседі.

Іздену арқылы әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу, ойын, білімін дамыту - барлық ұстаздардың міндеті. «Атмосфера» тақырыбын мынандай үлгі ретінде өткіздім:

І.«Атмосфера» сөзжұмбақ

ІІ.Суре тапсырма

ІІІ. Бейнесөзді шешу (Ауа қысымын анықтайтын құралдың аты шығады)

ІҮ. Сансөз (Әрбір шарға сан жазылады, оқығанда «термометр» сөзі шығады)

Ү. Жұмбақтар шешкізу.

Қазіргі ақпараттар ағыны, әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық- саяси жағдайлардың дүниежүзінде тез өзгеруіне байланысты жас ұрпақтан тек білім алуды ғана емес, болып жатқан өзгерістердің көзқарасын, ой – толғамын шығаруды, алынған ақпараттарды сын тұрғысынан талдауды, салыстыруды, ұсынысын жасауды талап етеді.

Ойлауды дамытатын бұл сабақ моделінің маңызы өте зор.Осы модель негізінде танымдық іс – әрекетті дамытуға болады.

Ойлауды дамытатын бұл сабақтар моделі оқыту жүйесін маңыздандыруға, оның тиімділігін арттыруға, өз бетінше тәуелсіз сын тұрғысынан ойлауға оқушылардың дара қасиет – қабілеттілігімен байланысты. Соның негізінде, ақыл –ой қызметінің өнімділігі қамтамасыз етіледі.

Сабақтың ерекшеліктері:

1.Оқушылардың шығармашылық ойлау-

ының қалыптасуына тірек болады.

2. Жаңа ақпараттар алады.

3. Сабақты оқыту үрдісінде барлық оқушылар толық белсенді қатысады.

4. Еркін пікірлер алмасу жүзеге асады.

5. Рефлексияға шығуға стимул болады.

Сыни тұрғыдан ойлау әдіс - тәсілдерін пайдалану мұғалімнің шығармашылық ізденістерін жандандыруға бағыт береді және география сабағын оқытуды жетілдіре түсудің жолдарын, оқушылардың іс- әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдарын пайдалану мүмкіндіктерін туғызады. Сабақтарды түрлендіруде, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалануда, дамыта оқытудың идеяларын жүзеге асыруда- СТО-ң үлесі зор. 9 сыныптарда «Орталық және Шығыс Қазақстан экономикалық аудандары» тақырыбын қорытындылау сабағы оқушылардың екі экономикалық, аудандар бойынша алған білімдерін жүйелеп дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру,бірлесіп өзінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, өздерінің білім деңгейін бағалауға үйрету мақсатымен өткізіледі. Сабақ төмендегі жоспар бойынша өтті.

Орталық және Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарын қорытындылау:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Тест жұмысы

3.Кескін картамен жұмыс

4.Сәйкестендіру тест жұмыстары

5.Венн диаграммасы бойынша жауап алу

6.Ия, жоқ (сұрақ – жауап)

7.Қорытынды криптограмма

8.Үйге тапсырма.

Венн диаграммасын толтырған кезде, бірінші топтағы оқушыларға – Орталық Қазақстан, үшінші топтағы оқушыларға – Шығыс Қазақстан, ал ортадағы екінші топқа - осы екі ауданның ұқсастықтарын айту тапсырылады.

Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді технологиялардың бірі – оқу жүйесі арқылы іске асатын педагогикалық технологиялар болып табылады. Мұнда оқушылардың өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге жүйелі түрде баулуға болады. Сондықтанда, ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі, күнделікті, жалықтыратындай болмайды. Ол әрекеттің әр түрлі формаларын қамтуы керек, сондықтан сабақты саяхат- сабақ, диспут- сабақ, конференция- сабақ түрлерінде өткізуге болады.

Осындай сабақтардың бірі -10 сыныпта «Дүниежүзінің дамыған елдері, халқы, шаруашылығы» тақырыбы оқушылар білімін қорытындылау түрінде өтті. (сынып оқушылары екі топқа бөлінеді, топ жетекшілерін сайлау, қазылар алқасы, жанкүйерлер)

1-Кезең. Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

2-Кезең. Картографтар сайысы.

3-Кезең. Эрудиттер сайысы (әр топқа жеке тапсырмалар беріледі)

1 топқа- дүниежүзі халқының құрамы туралы сызбаны сызу

2топқа- дүниежүзлік шаруашылық салаларының сызбасын сызу.

4-Кезең. Білгірлер сайысы (берілген мемлекеттердің астансын дұрыс таба білу)

5-Кезең. Капитандар сайысы (тест сұрақтарына жауап беру)

6-Кезең. «Кім жылдам?»

7-Кезең. Жанкүйерлермен сайыс (үлес-тірмелердегі сұрақтарға жауап беру)

8-Кезең. Қазылар алқасы қорытындысын шығарады.

9-Кезең. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру

Туған өлкенің өзен, көлдерін, олардың тарихи атауларын, су ресурстарының адамзат өміріндегі маңызы мен рөлін түсіну және еліміздегі өзендер мен көлдердің экологиялық жағдайын оқыту мақсатында -8 сыныпта саяхат сабағын өткіздім.

Оқушылар қатар бойынша 3 топқа бөлініп, жетекшілер сайланады.

Саяхатқа «Қазақстан -2030» кемесімен шығамыз. Саяхатымыз шығыстан батыс-

қа қарай бағытталып, аялдамалар бел-гіленеді.

1.1.«Өзен алабы»

2.«Экология»

3.«Тарих атаулары»

4.«Кескін карталар»

5.«Бәйге»

Оқушылардың саяхатқа шығар алдында, көңіл – күйлері көтеріңкі болуы үшін Т. Базарбаевтың «Ертісім» әнін орындайды.

1.«Өзен алабы»

2.«Экология»

3.«Тарих атаулары»

4.«Кескін карталар» аялдамасы.

•Компьютерден сылдырап аққан судың дыбысы шығып тұрады. Үш қатардан үш оқушы шығып, өзен, көлдерді компьютерге түсіреді. Қалған оқушылар өз орындарында орындап, кейін компьютер арқылы жауабын тексереді.

5.«Бәйге» аялдамасы.

Кеме саяхатымыздың соңы «Бәйге» аялдамасына келіп тоқтады. Әр қатардың жеткешілері шығып, сұраққа жедел жауап беру арқылы «Кім көп біледі?» сайысына қатысады.

Мұғалім топ жетекшілерінің қойған балын ескере отырып, оқушылардың білімін бағалайды.

Міне, құрметті оқушылар, бүгін біз саналы тәртібіміз, сапалы біліміміздің арқасында 2030 жылға да келіп жеттік. («2030-ға қош келдіңіз!» сөз ашылады)

Бұл біздің сабағымыздағы қиялымыз ғана болып қалмай, шындыққа айналсын деп тілеймін. Отанымызға, туған халқымызға, жерімізге деген құрмет пен мақтаныштарыңыз үнемі биік болсын! Болашақ сендердің қолдарыңда!

Автор:
Қ.МЕКЕБАЕВА Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп – лицейінің география пәнінің мұғалімі