Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰБТ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


10 июня 2011, 07:34 | 1 825 просмотров



Көптен күткен ҰБТ-да өз мәресіне жетті. Елімізде мектеп бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 4 маусым күні кірісті. ҰБТ сынағының қорытынды нәтижелері жақын күндерде белгілі болмақ.

4 маусым күні Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттінде өткен ҰБТ-ға ең алғашқы күні «Білім шапағаты» газеті де талапкерлердің толқулы сәттерімен бөлісуге, жас түлектерге сәттілік тілеуге барған болатын.

Алайда, сыртта тұрған ата-аналардың айтуынша таңғы сағат 7.30 да кірген олардың соңынан ешбір бөтен адамды ішке кіргізбеді. Әдеттегідей қатаң түрде болды. Есіктің алдында аттың басындай құлыптар мен тәртіп сақшылары тұрды.

Біз университеттің ауласында балаларының тілеуін тілеп, үміттерін үкілеп келіп отырған ата-аналарды сөзге тарттық. Бірен-сараңы болмаса, журналистер қауымына үрке қарайтын халық емеспіз бе, «толқып тұрмыз» деп ат тоңдарын ала қашты.

Семинарқызы Нұргүл ата-ана:

Қызым Ушинский атындағы №7 орта мектепті бітіріп отыр. Таңдаған мамандығы тарих. Балаларымызды сынақ тапсыруға кіргізіп жібердік. Алла сәтін салсын дейміз. ҰБТ туралы ойлайтыным, бұрынғы жылдардағы сұрақтарын көріп жүрміз ғой, сұрақтары жаман емес. Балалар толығымен тапсыра алады деп ойлаймын. Білімі бар балалар тапысырып шығады деген сенімдемін. Бірақ, бір менің күдіктенетінім. Балаларды қатты кеденнен өтіп бара жатқандай керемет тексереді. Бұл кірген бетте балалардың жүрегін шайлықтырады. Дірілдеп, өз ойындағысын ұмытып қалуы да мүмкін.

Біздің заманымызда билет бойынша тапсыратын едік. Бізге сол ұнайды. Өйткені, ол табиғи, білген білімін көпшіліктің алдында паш етеді. Ал тест болса, «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген сияқты белгілей беретіндері де болады. Рас болса, биыл ең төменгі өту балы «50» деп естідім. Жас түлектердің барлығы үлкен өмірге аттанайын деп тұр сәттілік тілеймін. Алла жар болсын деймін. Еңбек етсең ерінбей, Аллаһ тағала еңбегінді алдыңнан шығарады дейді, менің ойымша 11 жыл бойы оқып жүрген баланың білімін бүгін міне таразылар сәт туды, сол бала өзінің межесіне, өзінің ойлаған арманына жетеді деп ойлаймын. Ал тиіп-қашып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін жалпы білімнің негізі жоқ бала кіріп шықсын бірақ ол бала ренжімейді деп ойлаймын.

Қызым өте жақсы оқиды, осы жылға дейін өте жақсы оқып келді, қызыма сенімдімін, бір Аллаға сенемін.

Ата-ана:

Менің биыл ұлым мектеп бітіріп отыр.

Бұған дейін де қызым ҰБТ тапсырған болатын, Аллаға шүкір, қызым қазір маман иесі.

ҰБТ-ның сұрақтарына көңіліміз аса тола қоймайды, себебі, ара-арасында қисынсыздау сұрақтар да кездесіп қалып жатады. Және де оқушыларды сынаққа кіріп бара жатқанда қатаң қалталарына дейін түгел тексереді екен, ол бала психологиясына әсер етуі мүмкін.

Автор:
Өз тілшіміз.