Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРНЫ ҮЛКЕН


17 июня 2011, 07:59 | 2 946 просмотров


Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институттың Ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының докторы Сәуле Талапеденқызы Мұхамбетжановамен сұхбат.

-Электрондық оқыту жүйесін енгізудің негізгі индикаторы педагогтардың біліктілігін арттыруға негізделеді. Электрондық оқыту педагог мамандардың «өмір бойы білім алу» қағидасының қолжетімділігін арттырумен қатар, ауыл мен қала мектептеріндегі педагогтардың білім деңгейлерін теңестіру үшін өздігінен кәсіби шығармашылық траекториясын дамытуына мүмкіндік туғызып, әлемдік кеңістікке шығуына жол ашады. Электрондық оқытуды біліктілікті арттыру жүйесіне енгізудің мақсаты - педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру болып табылады.

-Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығының қалыптасуы қандай міндеттермен анықталады?

- Дәстүрлі және электрондық оқыту барысында біліктілікті арттыру бағыттарын сабақтастыру жолдарын анықтау, шетелдік және отандық тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасау арқылы электрондық оқыту жүйесін енгізудің тиімділік индикаторларын айқындау, біліктілікті арттыру жүйесіне электрондық оқытуды енгізу бойынша нормативтік-құқықтық базаны жасау, электрондық оқыту ортасында педагогтардың біліктілігін арттыру мазмұнын модульдік бағытта анықтау, біліктілікті арттыру жүйесінде біртұтас ақпараттық білім ортасын құру механизмін жасау, біліктілікті арттыру жүйесінде электрондық оқытуды енгізу арқылы педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру мониторингісін жүргізу арқылы, моделін құру арқылы анықталады.

- Бұл міндеттерді шешу барысында біліктілікті арттыру институттарының алдында қандай мәселелер тұр және бүгінгі педагогты қалай оқыту қажет?

- Бүгінгі таңда дәстүрлі біліктілікті арттыру жүйесінде курсты ұйымдастыру траекториясы педагогтардың білімді ақпараттандыру үдерісін ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыруға сай қойылатын талаптарды толығымен қанағаттандырмайды, педагог мамандардың өзіндік кәсіби біліктілігін дамытудың виртуалдық ортасы қалыптаспаған. Біліктілікті арттыру жүйесіне электрондық оқытуды енгізуде проблемалар барын жасыра алмаймыз. Біріншіден, педагог мамандарды психологиялық тұрғыдан дайындауды басты мәселе етіп қарастыру қажет. Аталған проблеманы шешу барысында педагогтарды электрондық оқыту жүйесі бойынша дайындаудың көпвекторлық модульдік оқу бағдарламасы жасалып, құрамына «психологиялық» модуль енгізілді. Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын электрондық оқыту ортасында психологиялық тұрғыдан қалыптастырудың үш өлшемді кеңістіктегі кестесі ұсынылады. Бұл қағиданың негізгі идеясы педагогтардың саналылық, мақсатқа бағытталған және сапалылық өзгерісі ақпараттық ынта, ақпараттық қызмет және ақпараттық жобалау ретінде өрнектеледі. Екіншіден, біліктілікті арттыруда біртұтас ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы дейтін болсақ, бұл мәселені шешудің тетігі біртұтас ақпараттық ортаны құру болып табылады. Үшіншіден, біліктілікті арттыру жүйесіне электрондық оқытуды енгізуде шетелдік тәжірибелермен сабақтастықтың болмауы. Бұл мәселені шешу барысында шетелдік тәжірибелерге сараптама жасай отырып, ЮНЕСКО стандартында педагогтардың біліктілігін АКТ бойынша қалыптастыру өлшемі негізге алынды. Аталған өлшем негізінде педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың құзырлылық нормасы 3 амал мен 6 компонентті біріктіру арқылы құрастырылды, ЮНЕСКО стандартына негізделген педагогтардың АКТ бойынша құзырлылық деңгейін қалыптастырудың матрицалық байланысы ұсынылады. Оның нәтижесінде электрондық оқыту ортасында педагогтың кәсіби имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Төртіншіден, электрондық білім беруге арналған контентпен, электрондық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі. Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың электрондық оқыту жүйесін енгізуге байланысты сандық білім ресурстарының вариативтік және инварианттық жобасы әдістемелік тұрғыда дайындалуда. Оның мазмұнын сараптап, енгізуде эксперттік кеңес құру мен электрондық оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына сапалы түрде енгізу үшін тәжірибелік алаңдар жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нысаналы индикаторлары, яғни электрондық оқыту жүйесінің енгізілуі 2015 жылы - 40%, 2020 жылы 90 пайызға жеткізілетіндігі атап көрсетілген. Биылғы жылы республика бойынша 44 білім беру ұйымында электрондық оқыту жүйесі пилоттық жоба ретінде жүзеге асырыла бастайды. Осыған орай әрбір категорияға сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, оқу-тақырыптық жоспарларының мазмұны педагогтардың электрондық оқыту ортасында ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыруға негізделіп, жасалған және сараптамадан өткізіліп, бүгінгі таңда курстық шараларды өткізу басталып кетті. Бұл шаралар Қарағанды облысында, Астана мен Алматы қалаларында жүргізілу үстінде. Курстың негізгі бағыты электрондық оқыту ортасында педагогтардың кәсіби имиджін қалыптастыру мен ақпараттық сауаттылығын және құзырлылығын дамытуға негізделеді. Курстан өткен педагогтардың ҚР Білім және ғылым министрлігі мен республикалық институтқа айтар алғысы ұшан-теңіз. Јткізіліп жатқан курстардың мазмұны, оларға берілген таратпа материалдар мен платформалар педагогтардың электрондық оқыту ортасында еркін жұмыс жасауға мүмкіндік беретіндігі жүргізілген мониторингтің қорытындысы анықталды. Сонымен бірге өткізіліп жатқан курстардан өткен кез келген педагог өзінің портфолиосын республикалық институттың сайтындағы «E-learnіng» блогына тіркей алатындығы және он-лайн сауалнамалар мен тестке еркін жауап бере алатындығы байқалды. Бұл көрсеткіш педагогтардың электрондық оқыту ортасына берілетін бағдарламалық тұғырнамамен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Электрондық оқытуды біліктілікті арттыру жүйесіне енгізу педагогтардың жас ұрпаққа өмірлік білім беру ұстанымын қалыптастыруға, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуіне, желілік шығармашылық қоғам арқылы тәжірибе алмасуға, кәсіби қызметтерін электронды форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

Автор:
Жазып алған Берік БЕЙСЕНҰЛЫ «Айқын» газеті.