Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА!


17 июня 2011, 07:54 | 3 392 просмотра



Балалық шақта мектепте білім алған білімгерлердің оқуға – деген ынтасы жақсы білімді ұстаздан пайда болады. Сол секілді менің өз басымның білімге – деген құштарлығым ауыл мектебінде оқыған кездегі ұстаздардың арқасында және де анамның 3 сынып-

қа дейінгі мұқияттап сабақ қарау процесінде өте үлкен күнделікті бақылау жасауының арқасында – деп айтар едім. Сол себепте қазіргі уақыттада ата-аналар өз балаларының тәрбиесі мен білім берілуіне мұқият бақылау жасап отырулары керек.

Уақыт өте өмірдің әр-түрлі белестерін өтіп,қиын-қыстау кезеңдерге кезігіп-өмірдегі ең бағалы және ең қымбат құндылықтарды бағалай бастайды екенсің. Соның бірі бала кезде тәлім-тәрбие алған – Ұстаз тұлғасы.

Бүгін мен кезінде білім мен тәлім - тәрбие алған ұстазым –Жиенбаева Рысалды Төлеу-

бекқызы жайлы ой толғау айтқым келеді. Бұл ұстаз тұлғасы 1976 жылы М. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын тамамдаған. Содан бері орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні ұстазы ретінде елімізге қажымай-талмай 35 жыл еңбек етіп келеді. Рыс-

алды Төлеубекқызынан мен 1978 жылға дейін білім мен тәлім-тәрбие алған едім. Сол кезде Рысалды Төлеубекқызының ұстаз тұлғасының бірінші күннен өз білімгерлеріне-деген сүйіспеншілігі, білім беруге көрсеткен ынталығы біздің бойымызда әлі күнге – дейін сақталуда. Өйткені, ол уақытта біз қазақ мектебінде оқыған қазақ балаларына орыс тілі ауадай қажет еді.

Рысалды Төлеубекқызының сол уақытта берген білімінің арқасында, біздің сыныптың жиырма шақты қазақ балалары кейіннен барлығы жоғарғы білім алып, қазіргі кезде еліміздің экономикасының әр саласында қызмет жасауда.

Әрине, ол заманда біз институтта орыс тілінде оқыдық.

Сол себепте бастапқы 1-2 курстарда инс-

титутта оқуда біраз қиыншылықтарға кездесіп, артынан мектепте алған біліміміздің,әсіресе орыс тіліндегі игерген тіліміз – бізге кейіннен өмірде өте үлкен демеу болды-десек артық айтпаған болармыз.

Қазіргі уақытта ең басты байлық – денсаулық.Сонан соң жас түлекке ең басты байлық – ол тіл, Ана тілі, орыс тілі және шет тілдері, тіл білу арқылы біз дүние танимыз.Кезінде қазақ елінің ақын – ағартушысы Абай Құнанбаев өз баласын орыс тілін үйренуге бергенде; - Мен баламды орыс тілін біл – деп бердім, деп еді.

Рысалды Төлеубекқызы қазіргі кезде Алматы облысы Қаскелен ауданы Көксай ауылында М.Маметова атындағы мектепте биыл міне 16 жыл талмай еңбек етіп келеді. Бұл ұжым өте үлкен де емес. Негізінде 1000 жуық көлемінде оқушы оқу оқиды екен. Мектеп директоры Мамутбеков Бақытжан Мухамеджанович,болашаққа нық сеніммен қарап - әр уақытта ұжымның абыройын нық берік ұстап жүрген тұлға.

Сонымен қатар Рысалды Төлеубекқызымен бірге қызмет атқаратын оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Шәрбану Райсовна Сарбағысовамен сұхбаттас-қан едік; - Ол кісі өзінің досы және коллегасы жайлы өте жақсы лебіздерін білдірді.

Қазіргі уақытта Рысалды Төлеубекқызы тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып қызмет атқарады екен. Әрине, әр жұмыстың жауапкершілігі болады. Екі ұл мен қыз тәрбиелеген Рысалды Төлеубекқызына тәрбие ісі жаңалық емес. Әр уақытта мектеп оқушыларын белсенді және тәртіпті болуға, еш уақытта өтірік айтпауға дайындап, болашақ өмірге шыңдалған ұрпақ дайындауда көп жетістіктерге жетуде.Оның белгісі ретінде айтатынымыз; - М.Маметова атындағы орта мектепке барған кез-келген адамға мектеп оқушыларының аман-сәлемдері дұрыс. Мен оны өзім сол мектепке барғанда сезіндім. Мектеп оқушылары тура мектепке кіріп келген адамдарға өте жылы шырайлы пейіл танытып амандасады екен. Бұл оларға өмірде үлкен демеу болатыны сөзсіз. Өйткені, дүниеде ең бастысы бұл адам баласының амандығының дұрыс болуы, яғни амандасуы. Бұл тіпті кәсіпкерліктеде ең басты тармақ болып саналады.

Ал, мен өмір бойы ұстазымның үйлесімді әр қимыл әрекеті мен көкірегінен шыққан асыл сөздерін, оқушылар алдындағы байсалды бейнесін санамда ұстап, өмір бойы үлгі етіп келемін. Етіп қоймай, өз білімгерлерім мен балаларыма насихат жасаудамын.

Ұстаз – ұлы тұлға-деп халқымыз бекер айтпаған шығар. Ұстаздың қолынан жақсы тәлім-тәрбие алып шыққан тұлға, еш уақытта еліне жаманшылық тілемес. Сол себепте «Мектеп білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» - деп бекер айтылмаған шығар. Тек,енді біздің өз ұстаздар алдындағы парызымыз – болашақта ел экономикасына дұрыс маман дайындау деп білеміз. Алдыңғы ұрпақтың жақсылығын келесі ұрпаққа жаңа оқу технологияларымен үйлестіріп отырып, 21 ғасырдың жаңашыл және ойшыл ұл-қыздарын дайындау.

Болашақта ұстаз қауымы әр-уақытта ел экономикасы мен идеологиясының көш басшысы. Ақырғы кездегі Елбасының Жарлығымен 2011 жылдың 1 шілдеден ұстаз қауымының табысы 30 пайызға ұлғаятын болды. Ал, 1 кыркүйектен 2011 жылғы жоғар-

ғы категориялары және басқа категориялары бар ұстаздарға үстемелі табыс төленетіндігі туралы жуырда Білім және ғылым министрі Жұмағұлов Бақытжан мырза атап өтті. Осының барлығы сарабдал саясаткер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың табанды еңбегінің жемісі.» Елбасы біреу – халқы оған тіреу» - деп айтылған сөз нағыз жаны бар пікір болып саналады. Оған ешқандай күмән жоқ.

Автор:
Қ.М.НҰРХАНОВ І.Жансүгіров атындағы ЖМУ колледжі оқытушысы