Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тұқым және жеміс


17 июня 2011, 07:51 | 2 721 просмотр



Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өсімдіктердің өніп өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.

2. Оқушылардың ой - өрістерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

3. Еңбексүйгіштікке, қоршаған ортаға қамқор, табиғатты сүюге баулу.

Көрнекілігі: Жапырақтар, тірек сызбалар, бөлме өсімдіктері, еңбек сабағында жасаған жапсырмалары, кепкен жапырақтар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, ойын, сәйкестендіру тест.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 1,2,3

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасы Жапырақ

Сұрақ жауап әдісі:

Ертегі:Ағаштар Ұйықтай ма?

Себетке жапырақ жинау.

1.Жапырақ қоректі қайдан алады?

2.Қураған жапырақтың пайдасы қандай?

3.Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

4.Жапырақтын жасыл бояуын қалай атайды?

Жаңа сабаққа байланыс

Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару

1.Көктемде жерге енетін

Ылғалда өсіп өнемін

Менің өскен жемісім

Қыс бойы сенің қорегің

2. Аспай піскен

Қайналмай түскен (жеміс)

Ендеше балалар бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы-

Тұқым және жеміс

Дәптермен жұмыс

Күнделікті өзіміз жейтін жеміс жидектердіеске түсірейікші:

Жеміс - өсімдіктің бізге тартатын сыйлығы. Жемістерді өзіміз күтіп баптаймыз. Олар түрлеріне қарай түрлі жеміс береді. Ал жеміс қайдан шығады деген ой келеді?

Оқулықпен жұмыс

Тұқым өскін гүлден түйін жеміс жемістің ішінде тұқым.

Зерттеу жұмыс

Кәнеки кім ажыратып береді?

Өзіміз ауылда қандай құрғақ тұқымды өсімдіктерді себеміз.

Тәжірбие жасау

Топыраққа тұқым салу, бақылау. Қазір жылдың қай мерзімі?

1 сұрақ: Өсімдіктің неше түрі бар.

2 сұрақ: Табиғат нешеге бөлінеді - 2, тірі, өлі.

3 сұрақ Шырынды жемістерді атау

Сәйкестендіру тесті

Қыс Жапырақтар түседі

Жаз Өсімдіктер көктеп шығады

Көктем Өсімдіктер пісіп жетіледі

Күз Өсімдіктер өсуін тоқтатады

«Кубизм» әдісімен сипаттау

1.қауын 4.шие

2.жүгері 5.бидай

3.қияр 6.қызанақ

Сабақты қорыту .Сызба арқылы

Тыйымдар

1.Ағашты сындырма.

2.Жас талды жұлма.

3.Құстарға тас лақтырма.

Үйге тапсырма:

Тұқым және жеміс оқу,мазмұндау

Бағалау:

Автор:
К.Ә.Мұхаметжанова, Қайнар орта мектебі «мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Мемлекеттік мекемесі Алакөл ауданы