Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ШОҚАН УАЛИХАНОВ «АБЫЛАЙ ХАН»


17 июня 2011, 07:47 | 5 121 просмотр



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың Абылай хан туралы білімдерін кеңейте отырып,әңгімені түсіне оқуға үйрету.

2.Дамытушылық: сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту, шығармашылық қабілеттермен дамыту.

3.Тәрбиелік: Өз елін сүйетін патриот етіп тәрбиелеу

Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жасырынды сөз

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі

1.Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сабаққа назарларын аудару, сабаққа дайындығын тексеру

2. Үй тапсырмасын тексеру:

М.Мағауиннің «Қазақтың ханды сайлауы» мазмұнын сұраймын.

Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын ашу үшін мынандай <Жасырынды сөз> шешсек бүгінгі біздің тақырыбымыз шығады.

Шешуі; Абылай хан

3.Оқушылардың білімін байқау:

Абылай ханның ел танитын ұрпағы шөбересі Шоқан Уалиханов ендеше Шоқан Уалиханов туралы қысқаша мағұлмат беріп кетейік.

-Шоқан Уалиханов қай жылы дүниеге келді?

-Шоқан Уалиханов қай жылы өмірден өтті?

-Қай облыста дүниеге келді?

-Шоқан Уалиханов кім?

4.Жаңа сабақ:

Абылай хан-қазақ ородасының ханы қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 20 жасында хан болып сайланған. Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен атқарған. Ол саясаткер, білімдар,дарынды қолбасшы. Абылайдың заманында сурет өнері мүлдем дамымаған.

«Өнер» баспасы Абылайдың портретін салуға байқау жарияланған. Сонда қарандашпен Абылай суретін таратып берген. Бұл сурет Францияның мұражайынан табылған. Сол суретке қарап, кәсіби суретшілер байқау өткізген. Сол байқауға 20 суретші қатысып, ішінен Жұмақын Қайранбаев бас жүлдені жеңіп алған.

Балалар Абылай ханның шын есімі қалай? (Әбілмансұр) Ендеше балалар біз сендермен таныстық. «Сабалақ» ендеше қысқаша айтып өтейік. Кім айтады? Бір-екі баладан сұрайық. Қандай тақпақтарын жаттадық. Бұқар жырауАбылай хан туралы былай деген екен «Хан Абылай атандың» Оқулықты ашып, бүгінгі өтетін Абылай хан мәтінін тізбектей оқиық.

Оқушылар тізбектей оқиды.

5 Сөздікпенжұмыс. Дәптермен жұмыс

Тауқымет-ауыртпалық, бейнет,азап.

Қоңтайшы- Жоңғар ханы

Ақ киізге көтеру- қазақтар хан сайлағанда оны халық ақ киізге көтеріп, содан кейін Тәңірі- құдай, Алла тағала

6 Шығармашылық тапсырма. Төрт жол өлең құрастыр.

Абылай хан біздің бабамыз,

Ерлігің еске аламыз.

Отанын сондай сүйетін,

Ержүрек бала боламыз.

7 Сабақты бекіту:

-Он сегізінші ғасырда қазақ елінің жағдайы қандай еді?

-Абылай ел арасында неліктен беделді болды?

-Неліктен аруақты санайды?

8 Үйге тапсырма: Мазмұнын айту. Абылай хан туралы деректер жинау

9. Оқушылардың білімін бағалау.

Қасқарбекова Жұмагүл

Туған күні,айы, жылы: 16.09.1966ж

Білімі: жоғары

Бітірген оқу орны: І.Жансүгіров атындағы ЖМУ

Еңбек өтілі: 22 жыл

Санаты: 13

Автор:
Ж.Қасқарбекова, Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлеккеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі