Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бақытты сәт


17 июня 2011, 07:44 | 2 299 просмотров



Көктемгі каникулда Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» лагеріне барып келдім. Балдәурен Щучинск қаласындағы, Щучье өзенінің жанында орналасқан. Мен Балдәуреннің «Туған жер-алтын бесік» 4 ауысымына бардым. Лагерьге еліміздің түпкір түпкірінен көптеген балалар келді. Олар шетінен өнерлі балалар екен. Мен ол балалармен танысып, көптеген жаңа достар таптым.

Біздің тәрбиеші ұстаздарымыз Жомарт пен Таня. Олар біздің білмегенімізді үйретіп, жақын дос бола білген асыл жандар. Біз тобымызбен бір отбасындай бола білдік. Барлық іс-шараларға белсене қатысып, жоғар-

ғы орындарды алдық

Балдәуренде әр күніміз қызықты өтті. Күнде әр түрлі жарыстар, ойындар, үйірмелер болды және кейде бассейінге, кейде экскурсияға шығып тұрдық. Бұл ауысым «Туған жер- алтын бесік» тақырыбында болғандықтан салт-дәстүрге байланысты сайыстар мен ұлттық ойындар көбірек өткізілді. Балдәуренде белсенді әрі өзін көрсете білген балаларды мақтау қағаздарымен марапаттап жатты.

Балдәуренге барғаным үшін сондай қуаныштымын, бұл мен үшін үлкен жетістік еді. Аңызды өлке Бурабайға барып, Балдәуренді көруге мүмкіндік берген Төкенова Сағымбала Күлсейітқызына алғысымды білдіргім келеді және асыл анам мен аяулы ұстаздарыма да алғысым шексіз.

Мен Балдәуренді «Бақытты балалар аралы» деп атар едім. Себебі Балдәуренде өткізген әр күнімді ешқашан ұмытпаймын. Бұл менің өмірімдегі бақытты сәттің бірі!

Біз сұлумыз, балдаймыз,

Балдәуренді таңдаймыз!

Автор:
М.БАТЫРҒАЛИЕВА, Қызыларық орта мектебі Көксу ауданы Мусабек ауылы