Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КИЕЛІ ДЕ ҚУАТТЫ МАМАНДЫҚ


24 июня 2011, 07:59 | 3 196 просмотров


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті - ТМД елдері мен шетелдік ғылыми қауымдастық ұжымдары мойындаған іргелі оқу орындарының бірі. Аталмыш оқу орнындағы журналистика мамандығына даярлау жұмысы 1934 жылдан басталды. Алғашқыда ол КИЖ деп аталды. КИЖ - журналистер даярлайтын алғашқы оқу орны болатын. Қазақтың Коммунистік Журналистика институты 30 жылдары Қазақстанда ашылған 25 оқу орнының бірі ретінде 30 адамды мамандық бойынша оқуға қабылдайды. КИЖ-де сабақ берген ұстаздар қатарында ғалым Құдайберген Жұбанов, ақын Сәкен Сейфуллин, жазушы Сәбит Мұқанов, қаламгерлер Зейін Шашкин, ғалым Мәулен Балақаевтар болса, алғашқы түлектер қатарында ақын Диқан Әбілев, жазушы Асқар Лекеров, профессор Ғазиз Әбішевтердің есімдері аталады. КИЖ-дің алғаш білім ордасы ретінде қалыптасуына профессор Қ.Бекхожиннің үлесі өте зор болды. Факультетте Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Барманқұлов, Н.Омашев, Б.Жақып сияқты қазақ журналистикасы теориясының негізін салушы ғалымдар қажырлы еңбек етті.

Бүгінгі таңда журналистика факультетінде БАҚ-тың барлық саласында қыз

мет ететін 18 мыңнан аса жоғары білікті мамандар даярланып келді. Соңғы жылдары факультет алыс және жақын шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыстар орнатты. Журналистика факультетінің ғалымдары АҚШ-та, Германияда, Түркияда, Қытай және тағы да басқа елдерде өтетін семинарлар мен ғылыми конференцияларға қатысып тұрады. Факультет Колумбия университетімен, Оклахома Мемлекеттік университетімен, Дьюк және Чапел-Хилл университеттерімен, Квинленд университетімен, Цукуба университетімен тығыз байланыс жасауға қол жеткізді. Факультет ұжымы ЮНЕСКО-ның коммуникацияларды дамыту жөніндегі Халықаралық бағдарламасымен (МПРК), Интерньюс (Қазақстан), ТҰА, сонымен қатар БҰҰ, ОБСЕ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және т.б. халықаралық ұйымдарымен бірлескен жобаларға қатысады. Факультет магистранттары халықаралық деңгейдегі жоғары дәрежелі сертификатқа қол жеткізе алатын Колумбия университетінің қашықтықтан оқыту курсы бойынша дәріс алады.

Факультет оқытушыларымен студенттері шетелдік жоғары оқу орындарымен бұқаралық ақпарат құралдарында шығармашылық білімін жетілдіреді. Қазір күндізгі және сырттай оқытатын бөлімде 600-ден аса студент білім алады. Факультет түлектері мерзімді баспасөздің түрлі салаларында, теледидар мен радио, кітап баспалары, шетелдік тілшілер бөлімдерінде, Үкіметтің түрлі басшылық орындарында қызмет етеді. Сондай-ақ республикалық, облыстық газет-журнал редакцияларын басқарады. Факультет ұжымы магистратурада оқытуды ұйымдастыру үшін барлық ғылыми-әдістемелік құжаттар дайындауды талапқа сай жүзеге асырған. Факультетте Азия, Африка, Латын Америкасы сияқты шетелдерден келген 19 студент оқиды. Қазір факультетте білімді әрі тәжірибелі оқытушылар, ғылыми атағы бар ғалымдар мен БАҚ саласының тәжірибелі мамандары жұмыс істейді. Олардың ішінде 12 ғылым докторлары мен 30-дан аса ғылым кандидаттары бар. Бүгінгі таңда журналистика факультетін заң ғылымдарының докторы, профессор, «ҚР Мәдениет қайраткері» Есберген Оразұлы Алауханов басқарады. Факультет соңғы аз уақыт ішінде факультет деканы Есберген Оразұлының ұйымдастыруымен болашақ журналистер даярлау бағытында көптеген шығармашылық жетістіктерге қол жеткізіп, университеттің жаңа стратегиялық жоспарларына сәйкес бірнеше шараларды іске асыра бастады.

Журналистика факультетінде де «ҚазҰУ хабаршысы. «Журналистика» се

риясы, «Отандық журналистика тарихынан», «Жас ғалым», «Жас зерттеуші» ғылыми жинақтары жарыққа шығарылады. Факультетте профессор М.Барманқұлов атындағы студенттердің оқу телестудиясы және сандық заманауи технологиямен жабдықталған радиостудия бар.

Мұнда студенттер эфирге шығатын тележаңалықтар, ток-шоу мен теле­сұхбаттар дайындап, жастарға арналған сауықтық бағдарламалар мен деректі фильм-

дер түсіреді. Факультетте Интернет жүйесіне қосылған үш компьютер сыныбы, қашықтықтан оқыту мен видео­конференция өткізетін Глобал сыныбы жұмыс жасайды. Жақында факультетте профессор Т.Қожакеев атындағы акті залымен «Студенттердің баспасөз орталығы» ашылды.

Автор:
Ғалия МАЙКОТОВА, атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің доценті, «Айқын» газеті.