24 июня 2011, 07:56 | 2 459 просмотров
Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университетінде (ҚБТУ) осы оқу орнын бітірушілерге диплом тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған ҚБТУ ректоры Ескендір Бейсембет-
ов үстіміздегі жылы аталмыш жоғары оқу орнын 462 жас қыз бен жігіт бітіріп отырғанын, олардың ішінде 44 түлектің қызыл дипломның иесі екендігін жеткізді. - Биыл энергетика және мұнай-газ факультетін 177, ақпараттық технология мамандығы бойынша 69, ал қаржы-экономика бөлімін 209 жас бітіріп отыр.
Ең бастысы, энергетика және мұнай-газ бөлімін бітірген жастардың басым көпшілігі «Қазмұнайгаз», «Теңіз-
шевройл», «Karachaganac PetroІeum Operatіng», KazTransOіl, KazakһOіl, «Лукойл» ААҚ тәрізді көптеген газ-мұнай компанияларына қызметке орналасып та үлгерді. Ал ақпараттық технология бөлімін бітірушілерді Қазақтелеком, Каспиймұнайгаз, Атлант Транс Сервис секілді ұлттық компаниялармен қатар KCELL, Mіcrosoft, Robert Gordon тәрізді бірқатар шетелдік компаниялар құшақ жая қарсы алуда. Бұған қоса, қаржы-экономика мамандығын бітірген жас мамандарымызды әлемге әйгілі шетелдік компаниялар жалақысы жоғары, лауазымды қызметтерге шақыруда.
Бұл, әрине, біздің Қазақ-британ техникалық университетінің ұстаздар қауымы үшін зор ғанибет - деп ақ тілегін білдірді. Ал біз осы оқу орнын бітірген жас мамандармен пікір алысып, олардың әрқайсысының мамандықты жүрек қалауы бойынша таңдап алғандықтарына айқын көз жеткіздік. Айдын ҚОЖАШ, ҚБТУ түлегі: - Мен Қазақ-британ техникалық университетінің мұнай-газ және энергетика бөліміне 2007 жылы оқуға түскен едім. Міне, бүгін жоғары оқу орнын мұнайшы және энергетик мамандығы бойынша 150-ге жуық қыз бен жігіт ойдағыдай бітіріп отырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Ал өзіме келсем, мен туып өскен Маңғыстау өңірі мұнайлы өлке. Енді бірер күннен кейін өзімді жұмысқа арнайы шақырған Маң-
ғыстау облысындағы мұнай компания-
сына жұмысқа бармақпын. Берік ТҰРАНОВ, ҚБТУ түлегі: - Мен Ақтөбе облысының тумасымын. Жоғары оқу орнын бірге бітірген құрбы-құрдастарым секілді осыдан тура төрт жыл бұрын Темір ауданындағы орта мектепті бітіргенде бірден мұнайшы мамандығын игеруді таңдаған едім.
Құдайға шүкір, бүгін жоғары білімді дипломды маман атандым. ҚБТУ-да біз мұнайшы мамандығын игерумен қатар, ағылшын тілін жетік меңгеріп шықтық. Бұл оқу орнын бітіргендегі тағы бір ерекшелік, мұнда жас маманның жұмысқа орналасуына толық жағдай қарастырыл-
ған. Мысалы, ҚБТУ-да жастардың білімі мен білігін анықтау мақсатында алуан түрлі байқау-конкурстар жиі өткізіледі. Мен сондай конкурстың біріне қатысып, бағымды сынаған едім. Қорытындысында Американың бір мұнай компаниясы жариялаған байқауда университет түлектері арасында жеңіске жеттім. Қазіргі күні сол компания мені жұмысқа шақырды. Бұйыртса, шетелдік мұнай компаниясында еңбек ете жүріп, мұнай өндіру мен оны өңдеудің хас шеберіне айналсам деймін. Шынар ШОҚАНОВА, жас маман: - ҚБТУ-ды ақпараттық технология мамандығы бойынша бітіріп отырмын.
Ақпараттық технология бұл - қазақ жастары үшін жаңа мамандық. Десем де, бұл мамандықты «ғасыр мамандығы» деп айтуымызға болады. ҚБТУ-дың қабырғасында білім алған төрт жыл ішінде ақпараттық технологияның қыр-сырын жан-жақты меңгердік. Жас маман ретінде қазірдің өзінде бірнеше ұлттық және шетелдік компания жұмысқа шақырып отыр. Солардың ішінде біреуін таңдап, арнайы келісімшартпен жұмыс-
қа кіріспекпін. Мен үшін ең бастысы, қай компанияда жұмыс жасасам да туған елімнің экономикасын дамытуға үлес қосу болмақ.