Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОТАН КІМДЕР ҮШІН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ?


24 июня 2011, 07:55 | 2 261 просмотр


«Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір» деген ел басымыз салиқалы саяасатымен, асқақ ақыл-парасатымен қазақ елінің еңсесін көтеріп бүкіл әлемге әйгілі етті. Алайда, ұлттық мұратты ұлықтайтын ұлылардың көздері азайып барады. Қазақстан қазақ елінің қара шаңырағы, шаңырақтың керегесі мықты болмаса күндердің күнінде шаңырақ төбесінен жерге түседі. Демек бір елдің босағасы берік, рухы асқақ болмаса, онда ол елдің келешегі зор болады деп айтудың өзі қиын. Елім деп еңіреп қазаққа қайырлы жол бастап, қазақтың жоғын жоқтап жұрген ұлтшыл жастарымыз да аз емес. Олардың қиыннан қиыстырып ата-бабамыздың ақ үмітін адал еңбекпен атқарып жүргенін көзбен көріп те үлгірдік.

Бірақ бізді таң қалдырғаны, қаражатсыз қаңғырған олар алған бетінен қайтар емес, бейне асқар таудағы асыл қарағайдай көптің ортасын қақ жарып, қайтпас қайсар мінезімен, мүқалмас жігерімен сөзде шешен, істе бапты, өнерге өнегелі ерлік көрсетті...

Тығырыққа тірелген бұл заманда қара басының қамын ойлайтындардың қалтасы қампыйып ақшаға толы, ал «ұлтым менің ұлы еді, тілі оның нұр еді» деп Алаш арыстарының қасиетін қайтадан жаңғыртқан, ұлттық мұратты бірінші орынға қойған, қазақ үшін атқа мінген азаматтарымыздың жағдайы жоқ. Яғни көкте сүйеуі, жерде тіреуі, басында панасы, астында тұлпары жоқ, тым болмағанда сөзін сөйлейтын жанашырлары да, қолдаушылар да жоқ. Сонда отан кімдер үшін жұмыс жасауда?

Елінің асқақ мұраттар жолында бойындағы бар жақсысын, күллі ғұмырын, дарын қуатын, білімі мен білігін аямай жұмсап жұрген асыл тұлғаларымыздың жүрегіне қуат, өзегіне от беретын Отанымыз қайда біздің? Ерге жебеу болатын, езден безер болатын еліміз қайда кеткен кешегі? Ата-бабамыздың асыл сөзінде « үш нәрседен сақ бол; үн-түнсіз жатқаннан, ана тілін сатқаннан, ердің жолын жапқаннан » деген, ұлтымызда жүрегінде иман, бойында намыс бар жас-

тар көбейсе, көкірегіміз ашық, рухымыз биіктеп ұлттық құн дылығымыз ұлықтай түспей ме. Осындай шырылдаған шындықты көре түра сіздер тағы да үн-түнсіз жатырсыздар, сонда біз сыртқы ел жауымыздан емес сіздерден сақ болуымыз керек пе? Жоқ әлде тәуелсіздік таңын аттырған « Желтоқсандықтарымыздың » биік рухы мен елдік намысын ұмыттық па?

Автор:
Бұлбұл Қабдолдақызы