Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бүлдіршіндер әкелер мерекесін атап өтті


24 июня 2011, 07:54 | 2 968 просмотров



20 маусым күні қаламыздағы МКҚК №7 ясли-бақшасында Әке мерекесі күніне арналған «Асқар таудай тірегім – асыл әке » атты мерекелік кеш болып өтті. Аталмыш балабақша 2010 жылдың 20желтоқсанында ашылған болатын. Меңгерушісі – Мамекова Ұлтуар Мұхамерқызы.

Кішкентай бүлдіршіндер әнмен әрлеп бимен өрнектеген Мерекелік шара өте тартымды өтті.

«8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі екенін баршамыз білеміз. Бұл күні балаларымз анаға деген махаббатын, ізгі ниеттерін жеткізеді, сол сияқты бүгін де шараның бас мақсаты –бүдіршін кезінен бастап балалның әке, әкенің балаға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Баларды тәрбиелеу. » – балабақша меңгерушісі.

Маусым айының үшінші аптасында әке күні мерекесін тойлату әлемнің көптеген елдерінде дәстүрге айналған. Бұл мереке ХХ ғасырдан бастап тойлануда. Сонора Смарт есімді әйел 1909 жылы шіркеуде аналар меркесін тойлау анасы қайтыс болғаннан кейін оны және қалған онның бес буырын тәрбиелеп жеткізген әкесі еді. Сонора өзінің әкесіне деген ыстық ықыласын, шексіз алғысын білдіргісі келді. Өмір бойы балалары үшін барлық жастық ғұмырын сарп еткен әкесінің ерен ісіне басын иетін.

Сонара жергілікті билікке өзінің ойын бастамасын айтты. Оның бастамасы қолдау тауып, 5 маусым оның әкесі Ульям Смарттың туған күні болатын. Дәл осы күні әкелер мейрамы болып жарияланды, алайда, бұл мейрамға дайындал-

уға уақыттың тығыздығынан мереке 19 маусым күніне ауыстырылды.

Сонымен, әкелер мерекесі, қызының әкесіне деген махаббаты мен ілтипатының құрметінің негізінде дүниеге келген мейрам болып табылады.

АҚШ-тан бастамасын алған бұл мейрамды Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, Қытай, Жапония , Германия сияқты әлемдегі бірқатар елдер де атап өтуде.

Автор:
Әйгерім ИЕБЕКОВА