Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Оқушыны тәрбиелудегі ойынның маңызы


24 июня 2011, 07:53 | 4 072 просмотра



Ойын – балаға қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәілдерін және заттармен іс-әрекет жасауды үйрететін, баланы тәрбиелеу мақсатында қолданыл-атын балалар әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала тұлға ретінде дамиды, психикасы қалыптасады.

Жас баланың өміріне ойын өте керек екендігі әркімге де мәлім. Оқып жүргенде бала ойнап жүрсе, оның жігері, күші молайып, құлқы түзеліп, білігі артады. Ойын адамның денесін ширатады, зейінін ашады, басқалармен бірге сыйласып, жұмыс істеуге дағдыландырады.

Ойын өрнекті- әлеумет тәрбиесінің мектебі. Ойынды түрлендіріп, бәсекеге кіргізіп, талқыға салса, көпшілікке де қызықты келеді.

Ойында бала алғашқы ұжымдық ойлау тәжірибесін меңгереді. Баланы ойын ойнауға үйрету керек. Оған ұсынылатын ойынға үлкендер қаншалықты күш салса, баланың ары қарай дамуы соншалықты қарқынды болмақ. Алайда ойнау іскерлігі автоматты түрде күнделікті өмірді игеру жолы арқылы туатындығы белгілі. Егер де тәрбиеші тәжірибе игерудің сипатын ескермесе, ойын ойнауға үйретудің әдістемелік тәсілдері өз мақсатына жете алмайды.

Ойында тәрбиелеудің жан-жақты мақсаттары тек әр жастық кезеңде ойын әрекетінің психологиялық негіздерін қалыптастыру жағдайында жүзеге асырылмақ. Ойынды әрі қарай дөңгелетіп алып кету баланың психикасымен, ой -өрісіне байланысты. Ойынның бала тұлғасының басқада жақтарын дамытудың іргетасы екені бәрімізге мәлім. Ойын барысында қабылдау, ойлау есте сақтау, сөйлеу қабілеттері қалыптасады. Баланың ойлау қабілетінің даму деңгейі оның іс-әрекетінің сипатын, оны жүзеге асырудың интеллектуалдық деңгейін анықтап береді.

Тәрбиеші баланың кез келген іс-әрекеті белгілі бір міндетті шешуге бағытталғанын есінен шығармауы тиіс. Ойын барысында балаға бері-

летін мақсат, оқу үрдісіндегі міндеттер ерекшеленіп тұруы қажет. Ойын мақсатының мазмұны баланың өмірімен, оның айналасындағылармен, оның білімімен тәжірибесіне сай болуы міндетті.

Ойын шынайы эмоцияға толы болу үшін, педагог оны басқарып отыруы тиіс, дәлірек айтсақ, баланы біртіндеп шартты ойын жоспарына итермелей отырып, баланың тактикалық тәжірибесін мақсатты түрде одан ары байыта түсуге ықпал жасау керек. Баланың шығармашылық қабілеті ойнау барысында анық көрінеді.

Жақсы ойын және әрекет жасау тәсілдері ақыл – ойы төмен, эмоциялық сферасы бұзылған және қолайсыз отбасында тәрбиеленуі балалардың дамуына өз ықпалын тигізбей қоймайды.

Ойын баланың жақын арадағы аймағын құрып, мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекеті болып табылады. Ол біріншіден, ұжым арасында жұмыс жасауы қалыптасуымен, шығармашылық қабілетін көрсетумен, өз мінез-құлқын бас-қарумен байланысты болса, екінші жағынан ойын балалардың өмірлік тәжірибесін кеңейте түспек. Ойын барысында баланың дамуы біріншіден оның мазмұнының әр бағытта өрбитіндігінен жүзеге асырылады.

Ойынның дене тәрбиесіне ( қозғалмалы), эстетикалық ( музыкалық), ақыл-ой (дидактикалық және сюжетті) тәрбиесіне арналған түрлері көп. Оның көпшілігі баланың адамгершілік тәрбиесін (сюжеті-рөлдік, ойын-драматизация, қозғалмалы және әуендік) дәріптеуге қолайлы. Сюжетті және танымдық, әуендік ойындар әр баланың жалпы психикалық дамуы үшін үлкен маңызы бар өзінің дамытушы функ-

циясымен бағалы.

Ақыл-ойы кем кіші сынып оқушысы ойынды өз бетінше дөңгелетіп алып кете алмайды. Оның себебі : ми қабатының интегративті іс-әрекетінің дамымаушылығы, үлкендермен эмоцияллық-іскерлік қарым-қатынасының жоқтығы. Арнайы мектепке келген ақыл-ойы кем кіші сынып оқушысы мүлдем ойнай алмайды. Ақыл-ойы кем бала ойнауға арнайы үйретілмесе, ол ойынның бірізділігін және жетекші әрекет екенін түсінбейді, ойын баланың психикалық дамуына әсер ете алмайды. Бұндай түрдегі ойын ақыл-ойы кем баланың дамуындағы кемістіктерін түзету және толықтырудың тәсілі бола алмайды.

Соңында айтылатын ой, оқытушы-дефектологтың және тәрбиешінің алдында ақыл-ойы кем баланы ойын әлеміне біртіндеп енгізу, оған әртүрлі ойын тәсілдерін үйрету, өз құрдастарымен қарым-қатыныс жасаудың түрлі тәсілін қолдануға үйрету мақсаты тұрады. Ақыл-ойы кем баланың ойынға деген құлшынысы ояну үшін, ойын алдын-ала дайындалып және баламен бірге ойнау керек.

Автор:
Б.И.МҰХАМЕТСАРИЕВА, Облыстық көмекші мектеп Интернаты