Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МҰҒАЛІМ –ӨНЕГЕ ИЕСІ


24 июня 2011, 07:52 | 2 989 просмотров



Ұлы педагог-ғалым В.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық-бұл адам тану,адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберілік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған жандар туралы айтқан болар. Осындай жанның бірі –Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарауылтөбе орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Дюсюпова Жумкен Каптанқызы жоғары білімді, жоғары санатты мұғалім. Жумкен Каптанқызы ҚР Білім министрірінің құрмет грамотасы , ҚР Білім және Ғылым министрінің құрмет грамотасы, облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы аудандық білім бөлімінің грамоталар-

ымен марапатталған. Ұстаз жүгі ең ауыр да ,күрделі еңбек.

Бүгінгі күні ұстазға көп міндет жүктелген. Өйткені, олар- келешектің, тәуелсіз елдің іргетасын қалап жат-қан жандар. Іргетас берік болса, құрылыстың бекем болары белгілі. Көзге көрінбейтін баламен атқарылар жұмыс, 45 минут сабақ, оның әрбір минуты келешек дананы алдағы күндерге дайындайды.

Ұстаз жан алып, жан берер осы аз уақытта оқушының бар сапасын, жігерін, құлқын сол берілген білімге аудара білуі үшін үлкен шеберлік, телегей теңіз білімі қажет. Жумкен Каптанқызы осы педагог мамандығы ауыр жүгін арқалағалы 37 жыл болды.Сол адал еңбек маңдай тер арқылы келетін бақыт адамдардың басына әр қилы жолмен қонады. Бала атаулыны жақсы көретін іңкәр жүрегімен олардың ыстық ықыласына, әріптес-

терінің арасындағы біліктілігімен, қарапайымдылығымен құрметке бөленіп жүрген жанның жанарынан «бақытты ұстаз» деген сөзді оқығандай боласың. Өйткені бойында адамгершілік қасиеттері мол адамның әрбір ісі жүрек үніне бағынады емес пе. Мектеп оқушылары , әріптестері бұл кісіні кездестірген жерде жүрегінде ұстаздық сезім аналық махаббаты астасып кететін жайсаң жанның ақтарылған пейілін пәк көңілін қалай сезбесін. Жылдар бойы ұстаз оқушының жүрегіне білімнің, өмірдің дәнін себеді, ал ол дән өсіп, өніп, өмірде пайдалану үшін көп жыл керек екені белгілі. Ұстаздың тынымсыз еңбек, терең ізденіспен өткізген әрбір сабағы мен тәлімі мол әрекеттері босқа кетпеді. Талай шәкірттері биік белестерден көрініп, өз елінің беделді азаматтары болып жүр. Айтар болсақ, математика ғылымдарының кандидаты, доцент Қайдолданова Әсем Алтайқызы ҚазМу математикадан дәріс беруде, Оразбаева Әсел ЖМУ-дың математика пәнінің оқытушысы, Қабидолданова Жанар «Алтын белгі» белгісінің иегері, басқа оқушылары облысымыздың, ауданымыздың мектептерінде математика пәнінен дәріс беруде.

Ұлағатты ұстаз шәкірттеріне білім нәрімен сусындатып, жан-жақты тәрбие беруде әсте жалыққан емес. Ұстаз еңбегінің жемісі –шәкірттерінің жеткен жемістерімен өлшенбек. оқушылары Мусабекова Гульмира, Меліс Жазира, Асжанова Гүлзира, Абдрахим Гүлжан, Мусабек Ілияс, Тоғанбаева Алия түрлі математикалық жарыстарының жеңімпаздары. Тоғанбаева Алия, Тоқтарбай Айгерім ғылыми жұмыстармен айналысып жүр.

Жумкен Каптанқызының бар арманы ұрпақ үш ін тер төгу, бір сол үшін қиындыққа төзу . Ендеше қаншама шәкіртіне бақыт кілтін ұстатқан бақытты жан деуге болады.

Автор:
Н.А.БЕИСОВА, Қарауылтөбе орта мектебі Сарқан ауданы