Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мұғалім мен оқушының қарым-қатнасы сапалы білім берудің шарты.


24 июня 2011, 07:51 | 3 548 просмотров


Елбасы мемлекет тағдырымен ұрпақ тағдырын қатар қою арқылы мемлекетіміздің бүгінгі стратегиясы- өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, ата –бабаның әдет ғұрпы мен салт - дәстүрін бойына сіңірген парасатты, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, білімді, салауатты ғылыми жұмыстарға бейім тұлғаны тәрбиелеу мәселесін алға тартып «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деген.

Мұғалім мен оқушы қатынасының өзінідік мақсаты бірін-бірі түсінуі. Сабақты жоспарлап отыр-ғанда, өз ойын жақсы жеткізе алуға, өзінің талаптарын туындата білуге үйрету, оқушылармен жұмыс істеу барысында олардың сабаққа қызығушылығын арттыратын әдістерді қолдануы қажет. Мұғалім балалармен дұрыс қарым-қатынаста болу үшін олар тұралы мынандай деректерді білуі қажет: Оқушыныңы аты –жөні, мекен – жайы, жанұясы, сырт-

қы келбеті, сөйлеу ерекшеліктері, оқуға, еңбекке бейіні, адамдармен қарым- қатынасы, ақыл мен дарындылық қасиеті.

Оқушылардың әлеументтік дағдыларымен пәнге қатысуына ықпал ететін факторлардың бірі пән мұғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеті болып саналады. Мұғалімнің жеке басының қажеттілігі оқушының пәнге деген қызығушылығына елеулі әсер етеді. Оның сөзі, жүріс тұрысы, өзін-өзі ұстауы, мәдениеттілігі әр дайым бала үшін үлгі болып табылады. Жас өспірімдер үшін мұғалімнің рухани дүниесі өздеріне деген көз қарасы маңызды рөл атқарады. Қазіргі қоғам мұғалімнің оқушыға өз іс-әрекетінің субъектісі деп қарау қажеттілігін талап еткенімен, мұғалімдер де соған жетуді көздегенімен нақты оқу үрдісінде оны толық жүзеге асыра бермейтіні жиі байқалады.

Көптеген мұғалімдер «мұғалім беделінің төмендеу салдарынан оқушылар арасында дұрыс көз карас қалыптаспайды, сондықтан оларды тек қатаң тәртіпке бағындыру керек. Көп жағдайда сабақты тиянақты жүргізу мүмкін болмай оқушылар ауа сияқты жайылып кетеді. Қатаң талап қоймасаң оқуға ынтасы болмай қалады. Сондықтан балалар әлі де өзін -өзі игеруге дайын емес. Олар еркін қарым –қатынастың мәнін түсінбейді. Шулап сабақтың өтілуіне мүмкіндік бермейді. Сол себептен қатаң тәртіп қажет» деп санайды.

Оқушының оқуға болсын, достарымен қарым-қатынасында болсын, қандай мативтерді түрткі бол-ғандығын шын мәнінде ажырата білудің ең қажетті шартты да осы өзара қарым-қатынасқа тәуелді. Мұғалім оқушының әрекетін тек сырттай бақылап қоймай, олармен қоян –қолтық араласа алағанда ғана баланы жақыннан таниды. Әрине баламен ортақ тіл табысу үшін мамандардың бала психологиясы, олардың әр сатыдағы ерекшеліктері жөнінде теориялық білімі болуы керектігі даусыз. Жас өспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта отырумен бірге мұғаліммен баланың қарым –қатынасы демократиялы түрде болуы шарт. Мұғалімнің бойында төрт қарым –қатынас әдебі принциптерінің болу қажет: Олар

1.Үнемі жылы шырай таныту: мұғалімнің әрбір сөзі оның көңіл күйін білдіреді. Мұғалімнің жылы шырай танытуы оның сөйлеген сөзінен, дауыс ырғағынан, қимыл –қозғалысынен көрінеді. Балалар туралы айтқан әрбір сөзі оған деген көзғарасын білдіреді.

2.Үнемі мадақтап отыру: Баланы үнемі мақтап, оның әрбір іс -әрекетіне көңіл бөлу, баланың рухани өсуіне жақсы әсер етеді. Бала өзіне сеніп тапсырылған әрбір іске сеніммен кірісіп өзінің қабілетін толық ашуға ұмтылады. Үлкендер қолдап отырғанда балалар өздерінің біліктерін бұрынғыданда табысты іске асырады. Мақтау балаға қанат бітіріп қабілеті мен мүмкіншілігін арт-

тырады. Мақтау балаға білім беру мінезін тәрбиелеу жолындағы ең маңызды кілт болып саналады.

3.Ынтымақтастық: Мұғалім 45 минутта оқушыларға сабағын қызықты өткізе білсе, оқушы сол мұғалімнің сабағына жақсы дайындалып келеді. Егер мұғалім сабағын дұрыс ұйымдастыра алмаса, оқушыларға қалай болса солай сөйлесе, орынсыз балағаттай берсе, оқушымен тіл табыса аламаса, сабақ үстінде әр түрді сылтаумен сабақ өтілмесе, мұғалімнің оқушы алдында беделі төмендеп оқушыны сабағына қызықтыра алмайды. Сондықтан ынтымақтастық мұғалімнің негізгі құралы.

4.Оқытумен тәрбиелеу үрдісі: Білім берудегі негізігі мақсат балаларды зерделі де, өнегелі адам болып өсуіне тәрбиелеу. Біліммен қатар оларға адамгершілік негіздерімен өнегелі өмір принциптерін бағалап, өздері таңдауына жол беру керек. Балаларды өз ойларын, өз пікірлерін, өз сезімдерін дәл айтып беруге үйрету қажет. Сонда ғана олар басқалардың көңіл күйін бөлісе алады. Өзіне сенімді, өз сезімдерін шын айта алады, дұрыс пікірлерін айтып басқаларға көмектесе алады.

Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым –қатынасқа кері әсере ететін фактордың бірі оқушыларды олардың әлеументтік жағдайларына қарай алалап бөлу, ата-анасының қызмет дәрежесіне, олардың қолындағы дәулетіне қарап бір сыныптағы балалар мен әр түрлі қарым –қатынас жасау соңғы кезде белең алып кетіп баражатқан жағымсыз құбылыстар жеткілікті.

Бүгінгі таңда мектептерге мұғалім емес нағыз ұстаз қажет. Өкінішке орай мектептерде нағыз ұстаз жетіспейді. Мұғалімдердің балаларға деген мейірімі өте төмен. Мұғалім мен оқушы арасында сүйісепеншілік болмаса білім жүрмейді.

Автор:
Г.Т.ИМАНАЛИЕВА, Дихан-Қайрат орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Панфилов ауданы