24 июня 2011, 07:49 | 3 381 просмотр
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлік-
ке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Түрі: психологиялық іскерлік тренинг
I.Кіріспе
Құрметті мұғалімдер мен қонақтар, біз сіздердің назарларыңызға «Жас маман! Артық болмас білгенің» атты психологиялық іскерлік ойынды ұсынғалы отырмыз. Қазақстаның – 2030 – стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес біздің ойымызша, әр қайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді талассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсүну сезімі пісіп – жетілді.
II. Негізгі бөлім
Ал енді ортаға жас мұғалімдерімізді шақырайық.Сіздерді осы жерде екі топқа бөліп алайық. Енді осы екі топтың білімін бағалау үшін әділ қазы алқаларын сайлап алайық.
1.Ұйғыр тілі –әдебиет пәнінің мұғалімі
Иминова Шахидам Насирдинқызы
2.Әдіскер завуч Асқаров Асылжан Тұрсынұлы
3. Оқу ісінің меңгерушісі Тохтамова Рошангул Низамдунқызы
«Жас маман! Артық етпес білгенің»атты психологиялық іскерлік ойынымыз алты кезеңнен тұрады:
1Таныстыру, эмблема қорғау
2 Субтест
3 Алға қойған мақсаттарыңыз
4 Шегара жасау оған адам кіргізу
5 Екі топ бір- біріне ситуациялық сұрақ қою
6 Дауыс ырғағы
1 кезең Таныстыру, эмблеманы қорғау
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа.
Сәлемдесу кіреді
Ата – дәстүр салтына
Демекші -1кезең өз эмблемасын қорғау,таныстыру.
1 кезең бойынша әділ қазылардың бағасы
2. кезең - Субтест
Оң жол іздеп өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңың арайланып .
Азаматы бар деп – бұл елдің,
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып.
деп енді ортаға екі топтан бір –бір мұғалім шығады .Бұл кезеңде екі топқа бес сөз беріледі оның ішінде төртеуі жалпы белгілері мен ұқсас, ал бесінші сөз оларға байланысты емес.
1 –топқа:
1.Қызғалдақ, сарғалдақ, бидай, бәйшешек, раушан.
2.Өзен, көл, теңіз, көпір, батпақ.
3.Қуыршақ, ойыншық машина, доп,құм,күрек.
4.Ақтау, Тараз,Атырау, Өскемен, Астана.
5.Емен, қайың,жаңғақ, терек, қара тал.
6.Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, таяқша, шаршы.
7.Ләйла,Смағулов,Дәмір,Темірлан,Бану.
8.Тауық, күрке тауық, аққу, қаз, үйрек.
9.Сан, бөлу,қосу, алу,көбейту.
10.Көңілді, тез, қайғылы, дәмді,сақ.
2 – топқа:
1.Тәрелке, кесе, стол, қазан, шәугім.
2. Жүру,секіру, билеу, отыру, жүгіру.
3.Биік, аласа, сымбатты, өсімтал, ергежейлі.
4. Бояужаққыш, қаламсап, қарындаш, фломастер,сурет.
5.Алма, алмұрт,алхор,қарақат, шабдалы.
6.Квадрат,шеңбер, эллипис, доға, қисық.
7.Мұғалім, оқушы, жаттықтыурушы,професор, доцент.
8. Көру, есту,жазу, сезу,искеу.
9.Батыр ,қорқақ, ержүрек, талантты, жасқаншақ.
10. Шекара,көпір,достық, ерлі-зайыптылық,бекіткіш.
2.кезең бойынша әділқазылар бағасы.
3 кезең . Алға қойған мақсатың.
Адамдық пен надандық,
Жақсылық пен жамандық.
Суреттердің бәрін де,
Оқып одан нәр алдық.
Деп отырып 3кезең алға қойған мақсаттың бұл кезеңде екі топтан әр қайсысы мына арқанның бойымен жүріп отырып өзінің мақсаттарын айтып шығады.
3кезең бойынша әділқазы бағасы.
4 кезең. Шегара жасау оған адам кіргізу
Төртінші кезеңде екі топтан бір-бір адам шығып арқаннан шегара жасайды оның ішінде тұрып, екі топқа қарама- қарсы топтағы адамдарды шеңберге кіргізеді.
4кезең бойынша әділқазы бағасы.
5 кезең. Екі топ бір-біріне ситуациялық сұрақтар қояды.
5 кезең. бойынша әділқазылар бағасы
6 кезең. «Дауыс ырғағы»
«Сәлем ! менің есімім ... Бұл ойынды ойнауға қазір менің кезегім.»
Осы фразаны алдымен ренжіп, содан соң сенімді түрде , сосын тілектес мейірімді көңілмен айтып шығасыздар.
6 кезең бойынша әділқазылар бағасы.
Әділқазылардың қортындысы шыққанша музыкалық үзіліс.
Низамова Юлтуздың орындауында би.
Құрметті мұғалімдермен қонақтар бүгінгі біздің «жас маман! Артық болмас білгенің»атты психологиялық іскерлік ойынымыз аяқталды, келіп тамашылағандарыңызға рахмет.