Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КҮЗ - БЕРЕКЕ


24 июня 2011, 07:47 | 3 752 просмотра



Сабақтың мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін нақтылау, табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Күз мезгілі жайлы суреттер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Жаңа сөздер: жиын - терін, диханшылар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: жылулық шеңберінен тұрады. Тәрбиеші ортаға бір баланы шығарады. (ол бала гүлдің күлтесі болады) . Қалған балалар дөңгелене тұрады. Балалар өз тілектерін айтып ортадағы балаға гүлдің жапырақтарын сыйлайды.

Тәрбиеші балалардың назарын фланелеграфтағы түрлі-түсті суреттерге назарын аударады. Суреттен күздің суретін балалар көріп өз ойларын айтады.

Тәрбиеші, иә балалар, күзде күн суытады, күн бұлттанып жиі-жиі жаңбыр жауады.

Енді мына суретке қарай қойыңдар. Күзде жеміс- жидектер піседі. Бау- бақшадағы жиін — терін жұмысы басталады. Диханшылардың күздегі еңбегі орасан зор.

Тәрбиеші сергіту сәтін өткізеді: «Көгершіндер»

Біз ұшамыз, ұшамыз!

Бәр әлемді құшамыз!

(қолды екі жаққа қанатша керіп, бірінің артынан бірі шеңбер жасап жүгіру)

Әрбір үй мен қалаға

Тыныштық бақыт сыйлаймыз

(Бір- бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құру)

Біріміз бен біріміз

Қанекей дос болайық

(Қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру)

Балалардың назарын келесі суретке аударады. Онда жемістердің суреттері ілінген.

Балалар, осы суреттерден өздеріңе таныс жемістерді атай койыңдаршы.

Балалар: - Қызыл шие, алма, қой бүлдірген, карлыған, құлпынай, итмұрын- деп

атайды.

Тәрбиеші енді картоп, қызанақ орамжапырақтың суреттеріне токталып олардың атауларын сұрап, толықтырып айтып кетеді. Балалармен қимылды ойын өткізу.

Тақырыбы: «Кім көп жапырақ жинайды?» Тәрбиеші; - Балалар, енді біз күзгі баққа серуендеуге келейік. (Жерде өте көп, әр түрлі пішінде жапырақтар шашылып жатады.) Енді осы жапырақтарды біз жинайық. Үлкен кәрзеңкеге үлкен жапырақтарды, кішкене кәрзеңкеге кішкене жапырақтарды жинайды. Көп жинаған балаларды мадақтау. Бақта күз-ару кездеседі. Күз-ару балаларға жұмбақ айтады.

Бұл недеген көп киім

Жетпіс қабат көк киім

Жаңбыр одан өтпейді

Қабат-қабат тоны бар

Туймелеуге жетпейді.

(Орамжапырақ)

Сабақты қорыту:

Бүгін біз балалар, сендермен күз мезгілі және күздегі пісетін жеміс - жидек, диханшылардың еңбегі жайлы айттык.

Күз - мереке , күз – береке.

Автор:
С.К.ЕСТІБАЕВА, № 3 «Балбөбек балабақшасы» 1 сыныптағы тәрбиеші