Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы тақырыбына жаттығу


24 июня 2011, 07:46 | 3 136 просмотров


Сабақтың мақсаты: 1. Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы тақырыбына қайталап есептер шығарып жаттықтыру. Формулаларын ойларына тоқып, көздерін қанықтыру.

2. Есептер шығарту арқылы оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамытып, әр түрлі есептер шығартып жаттықтыру. Есеп шығару шыдамын, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр түрлі ұлттық нышандағы есептер шығартып, ұлттық рухын асқақтату.

3. Есептер шығарту барысында халқымыздың зерделі, асқақ рухын сезіндіре отырып, өз ұлтының асыл қасиеттерін бабаларының математика ғылымына деген сауатының жоғары болғандығын білдіре отырып, ұлтын қастерлей-қадірлей білетін тәрбие қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Қайталау жаттығу сабағы

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, формулалар және есептер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп отырғызу. Тізімін алып, сабаққа дайындалу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Мақсат қою. Бүгінгі сабағымызда өткен арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы тақырыбына жаттығу есептер шығару арқылы оқушылардың түсінігін толықтыру. Өткен формулаларды есімізге тоқып, ұзақ есте сақтай білуіне ықпал жасау мақсатында сабағымыз өту керек.

III. Үй жұмысын тексеру. Үй жұмысына оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға жауап беруі тиіс және тақырыпқа байланысты жеңіл есептерді жатқа шешуі тиіс. Мысалы: 1-сұрақ. Арифметикалық прогрессия деген қандай тізбек?

–Өзінің алғашқы мүшесінен артқы мүшесі қандай да бір санға артып отыратын тізбекті айтады. Мысалы: 1, 2, 3, 4........n натурал сандар тізбегі.

2-сұрақ. Оның алғашқы n мүшесінің қосындысын табатын формуланы жаз.

––Арифметикалық прогрессияның айырмасы.

4-сұрақ. Геометриялық прогрессия деген не?

–Өзінің алдыңғы мүшесінен тұрақты бір санға (әр мүшесі) еселік болып келетін тізбекті айтады. Мысалы: 7, 49, 343.... n

5-сұрақ. Геометриялық погрессияның еселігін қалай табамыз?

6-сұрақ. Геометриялық погрессияның n мүшесін қалай табамыз?

7-сұрақ. Геометриялық погрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын қалай табамыз?

Білімді тексеру. Оқушыларды екі командаға бөліп жарыстыру арқылы білімін тексеремін. Кейбір оқушыларды карточка таратып беру арқылы тексеремін.

(Есеп қысқартылды. Ред.)

I- команда II- команда

Кітаптан № 450 (а), 372 Кітаптан № 412 (ә,б), 411 (в)

түсінігін тексеру.

Тоғыз қап тары Барлығы қанша?

Есептің шарты: Жартыбай есімді кісі тары егіп өзінен артылғанын сатып отырады. Жексенбі күні Жартекең базарға 1 арба тары әкеп, ел жұртының алуына қолайлы болсын деп тарыны бір-бірінен бір пұт артық сиятын 9 қапқа бөліп қояды. Қаптың ең кішісі екі пұттық болады. Осы кезде сатушыға үш адам келіп, I кісі: «бәрін мен алайын», дейді, II кісі: «Тарының жартысын алайын» дейді. III кісі: «Қаншадан келсе де теңдей бөліп алайық» дейді. Жартекең жартыны үшеуіне теңдей бөліп бермек болы. 9 түрлі қабының 9 салмағы бар екен. Қай қайсысын алғаны жөн дейді біреуі, II-сі 10 пұт пен 8 пұтты алсам жетпей ме дейді, жоқ, олай алсаң қалғаны екі адамға тең бөліндейді дейді. III адам өзіңіз біліңіз дейді. Бұлардың есепке шорқақ екеніне іштей күліп Жартыбай әрқайсысына 3 қаптың аузын ұстатады. Жартыбай 3 адамға 9 қапты қалай бөліп берді? Барлығы қанша пұт болды? Оқушыларға таратып берген карточкаларды жинап алып, бағалау. Бұл оқушылар үй жұмысын жазып алып жатқан кезде болады.

VI. Үйге тапсырма. Қазақтың ұлттық есебі «Жыл қайыру». Бұл адамның мүшелі жасын табу керек. Тақтаға есептің шартын көрсеткен плакат ілінеді. Оқушылар жазып алады да, үйге шығарып келеді. Шешуі: I мүшел: 13, 25, 37, 49, 61..... Қай-қай жас мүшел болатынын табу үшін қосамыз.

Автор:
Сайран ДӘЛЕЛХАН Боралдай №39 гимназия Іле ауданы