24 июня 2011, 07:45 | 2 111 просмотров
Балалардың ойын және оқу әрекетін бақылау үдерісінде және әдептік-топтық және жекелей әнгімелесу нәтижесінде келесі көрсеткіштерді байқауға болады.
1.Танымдық белсенділіктің және білуге құмарлықтық денгейі.
2.Мінез-құлықтың еркін реттелуі
3.Қиындықтарды жеңуге дайындығы
4.Әлеуметтік белсенділігі
1.Танымдық белсенділік пен білуге құмарлықтың деңгейі.
-Әрқашан белсенді,көп сұрақтар қояды,танымдық сипаттағы ақпараттармен бөліседі (5)
-Белсенділігі сезімдік – психологиялық жағдайына, және жекелей қызығушылығына, орындалатын әрекеттің мәнділік деңгейіне тәуелді. (4)
-Шақырса ғана жауап береді,тапсырма орындауға шығармашылықпен келе алмайды (3)
-Өзіне жекелей айтқанда ғана жұмыс істей алады,ойынға қызығушылығы басым.
-Енжар,төменгі,бір сәттік қана қызығушылығы алдын – ала жетістігі белгілі жағдайда ғана пайда болады,байқалмайды. (1)
2.Мінез-құлықтың еркін,өздігімен реттелуі
-Кез-келген істе,әрқашан да жинақы,шоғырланған (5)
-Алаңдайды,басқаларға еліктейді,бақылауды керек етеді. (4)
-Кез-келген сылтау бойынша ауып кетуі,әрекетін жоғалтып алады,үнемі бақылауды қажет етеді,кейбір жағдайларда ғана ұзағырақ жинақталуы мүмкін (3)
-Арнайы қозғамасан әрекетті бастамайды,егер үлгісі жоқ болса,өз бетінше кіріспейді,көмекті қажет етеді. (2)
-Тіпті көмек көрсетсең де, қажетті сәтте мақсатқа бағытталған қай істі болмасын ат-қарудан бас тартады, бірдеңені бастай тұрып,көп жағдайда оны аяққы (соңғы) нәтижесіне деиін жеткізбейді.
3.Қиындықтарды жеңуге дайындығы
-қиындықтарды жеңуге дайындық танытады,шешуін табуды белсенді түрде іздестіреді. (5)
-әрекеттер жасайды,бірақ жетістік болмаған жағдайда шегініп кетеді,тек арнайы ықпал болған жағдайда ғана мәселені шешуге оралуы мүмкін (4)
-алғашқы қиындыққа жолыққанда – ақ, көмекке жүгінеді,іздестіруді жалғастыруды қырағы бақылау арқасында ғана жүзеге асыруға қабілетті (3)
- бірінші сәтсіздіктен кейін-ақ әрекеттен бас тартады, көмек беру және үлгілерді көрсету оған аз әсер етеді.(2)
-қозғалған деңгейдегі кез-келген тапсырманы орындаудан үзілді –кесілді бас тартады.(1)
4.Әлеуметтік белсенділігі
-ересектермен және балалармен жеңіл тіл табысады,араласуда бастама көрсетеді,кикілжіңдерді өз бетінше шеше алады (5)
-таныс ортаны (қоғамды)жақсы көреді, бөгде жанның бастамасына бағынады. (4)
-біріккен әрекетке қосылады,бірақ қатынасты ұстап тұра алмайды,кикілжіңге құмар (3)
-жеке жүреді, шақырса ғана біріккен әрекеттерге қосылады.Үлкендерден ұялады, құрдастарына тұйық, аралас, қатынасы ұзақ емес. Өкпешіл, бірақ шағымданбайды (2)
-не, белсенді, қыйқарлығы бар, қарым-қатынасы ұзақ емес, дөрекілік жасайды, сын
ға дұрыс қарамайды.
Не, оқшауланғыш, өзіне зейін аударғанды жақтырмайды, басыңқы, тар шеңберде ғана араласуды жөн көреді (1)