Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ


24 июня 2011, 07:43 | 2 752 просмотра



Оқытудың жаңа әдістерін тиімді , қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, олардың білім деңгейін мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындау ұстаз жауапкершілігін арттырады.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде сабақ барысында ақпараттық технологияның бірі-интерактивті тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы жұмыс жасау қазіргі заман талабы.

Сіз сыныптағы оқушылардың зейінін аударуға және әркім өз пәні бойынша тапсырмалар беріп, экран клавиатурасының көмегімен жазбаны қосуға, аудио – видео жазбалармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе тіл үйренуде тиімді және бір уақытта оқып, тыңдап үйренуге ыңғайлы.

Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді жоспарлаудан тұрады. Интерактивті тақта материалдарды анық құру бағдарламасымен қамтылған. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Мұғалімдерге сабақ барысын жақсы, тиімді, қызықты өткізуге толық мүмкіндік береді. Әрине ол үшін мұғалімдер арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін толық игеруі тиіс. Сонымен бірге интерактивтік тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білуі маңызды. Интерактивті тақтамен түрлі жаттығулар орындауға болады. Жаттығулар орындауда оқушының білім меңгеруі барысында тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Интерактивті тақта –сыныптағы оқушылардың барлығын бір мезгілде оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты, тартымды және тез жеткізуіне көмектесетін көзге көрінетін ресурс. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады және кез келген қосымшалардан да жазу жаза алады, оларды да әрдайым сақтай да алады.

Қазақстан Республикасының «Білім туарлы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» делін-

ген. Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой- өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенделігін, ізденімпаздығын арттырады.

Қорыта келе айтарымыз, жаңа ғасыр және мыңжылдық тоғысында ақпараттық өркениеттің қалыптасу дәуірінде білім беру мәселелері, оның бүгіні мен ертеңі өзекті мәселелердің бірі. «Ел ертеңі – білімді ұрпақ» демекші, оқушыны білімді, адамгершілігі мол, мәдениетті етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз тынбай еңбек етіп, үнемі ізденісте болу керек.

Автор:
Г.Б.РЫСБАЕВА, Сұптай орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Панфилов ауданы