24 июня 2011, 07:42 | 3 452 просмотра
Ел президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқына арналған жолдауында» «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – технология ғылымы саласындағы басты бағыттардың бірі делінген.
Қазіргі «Технология» білім саласының бас-
ты мақсаты – оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпал ету, оларды әртүрлі материалды өңдеудің қазіргі заманғы технологиялық мәдениетіне және бұйымдарды көркем жобалауды орындауына қатыстыру болып табылады. Бұл:
-жастардың политехникалық дамуын, оларды қазіргі заманғы және болашақ технологиялармен таныстыруды, жалпы еңбек біліктіліктері мен дағдыларын игеруді;
-оқушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуын;
-оқушылардың өзін-өзі анықтауына мүмкіндік туғызуды, техника мен технология әлемін зерделеуді, өзіндік анықталу мақсатында кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуды ескереді және оқушылардың жобалау мен конструкциялау мәселелерін шешу бойынша ізденімпаздығы мен қабілеттілігін дамыту мәселесін қарастырады.
12 жылдық білім беру жүйесінде білім берудің басты мақсаты – әлемдік білім беру стандартына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі іске асыруға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан –жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. [10]
Субъектілік басқару критерийлері мына ережелерге негізделеді:
1.Оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
2.Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту).
3.Өзіндік талдау (оқушының жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау).
4.Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы).
5.Оқушыладың өзін-өзі шығармашылық басқаруына бағыт беру.
Субъектілік басқаруда мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
-өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
-оқушы дарындылығының моделін білу;
-қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
-шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа да көрсеткіш-
терімен байланысына да көңіл бөлу;
-дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі[4,5]
Субъектілік басқарудағы мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
1. Оқушының ерекше қабілеттерін анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы.
2. Қабілеті жоғары оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі.
3. Оқушы шығармашылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы.
4. Шығармашылықпен жасалған жұмыстардың нәтижесін нақты бағалай білуі.
5. Қабілеті бар оқушының ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі.
6. Оқушыларды әр түрлі байқаулар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы. .[7]
Субъектілік басқару ұғымы дәстүрлі емес сабақ жүргізу формасымен тікелей байланысты. Төменде дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ формаларының кейбір салыстырмалы мысалдары көрсетілген:
Ғылымдағы жаңашылдық пен функционалдық қасиеттеріне байланысты шығармашылық еңбек авторларының көпшілігі шығармашылықты келесі түрде топтастырады: .[8]
-комбинациялық
-инновациялық (А.И. Кочетов)
-дидактикалық
-техникалық
-ұйымдастырушылық (В.С. Безрукова)
В.С. Безрукова күрделілік дәрежесі мен маңыздылығына қарай шығармашылық дағдыларын инженерлік-техникалық ғылымға байланыстылығына орай үш деңгейге бөледі:
1. орынды ұсыныс
2. ойлап табу
3. ашып жарыққа шығару
А.И. Кочетов айқындаған инновациялық шығармашылық адамның іс-әрекет негізіне бұрын белгісіз болған жаңа элементтерді енгізу болып табылады.[8]
Іс-әрекеттердің барлық компоненттерінің қозғаушы күші –шығармашылық. Шығармашылық - бұл, нәтижесінде жаңа материалдық және рухани құндылық қалыптасатын іс-әрекет. Шығармашылық педагогикалық энциклопедияда адамның белсенділігі мен өзіндік қабілетінің жоғарғы формасы ретінде көрінеді.
Технология пәнінің ерекшелігі мұғалім оқушымен өзара «субъект-субъектілік» қарым-қатынас жасай отырып оқушының еңбек дағдыларын сабақ үстінде дамытады. Ерекше қабілетті, еңбек дағдысына икемі жоғары оқушылармен жекелей үйірмеде жұмыс жүргізіледі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтардың әр түрлі тестік тапсырмалар жинағы, ребустар мен крассвордттар жинақтары, дидактикалық нұсқаулар жинақтары жасалды.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.