Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

САПАЛЫ БІЛІМ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ


24 июня 2011, 07:41 | 2 320 просмотров



Еліміздің болашағы өсіп келе жа-

тқан жас ұрпақпен тығыз бай

ланысты. Сол жас ұрпақты саналы да, білімді етіп тәрбиелеу - басты міндет. Қазіргі заманғы білім берудің міндеті – әлемнің жаңа бейнесін қалыптастыру, оқушының шығармашылық бастауын дамыту. Бүгінгі мұғалімнің алдында шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Ол үшін оқу мен тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жете білу қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арнал-

ған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласын жаңа сапа және мазмұнмен толықтыру қажеттігі анықталған.

Ал білім беру қоғамның алға жылжуын қамтамасыз етеді. Білім беру сапасы – бұл жаңа өмір сапасы. Соның ішінде математика мен математикалық білім беру адамзат өркениетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Математикалық білім беру оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өз ойын қысқа, тиянақты жеткізуге дағдыландырады және логикалық ойлау дәрежесінің дамуына ықпал етеді.

Осыған байланысты қазіргі таңда математика пәні мұғалімінің кәсіби біліктілігін көтеру негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Білікті мұғалім еңбегінің нәтижесін көру үшін алған білімін, білік дағдыларын кез келген жағдайда қолдана білуі керек. Білім беруді жаңарту - бұл үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі.

Бүгінгі күні әлемдік мәдениетті меңгерген, нәтижені алдын-ала болжайтын, сол нәтиженің жетістігіне қарай өз қызметін жобалай білетін мұғалім - зерттеуші ауадай қажет. Осыған байланысты Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты - көп салалы білім беру мекемесі ретінде, кәсіби- диагностикалық, ғылыми - әдістемелік, ұйымдастыру - тәжірибелік қызметтерді жүзеге асырып, облыс мұғалімдерінің кәсіби білім алуына үлкен мән беріп отыр.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың білім беру жүйесін жаңарту бойынша қойылған стратегиялық міндеттерінің аясында Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің І Съезі өткізілмекші. Математика пәні мұғалімдерінің I Съезіне қатысатын делегаттарды іріктеу мақсатында сәуірдің 5-і күні Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты облыстық байқау өткізді. Байқаудың міндеті математика пәні мұғалімдерінің ғылыми ізденіс жұмыстары бойынша ынтасын дамыту және шығармашылық жұмыстарын жандандыру болды.

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, қоғамның ашықтығы, дамудың қарқындылығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Осы орайда математикалық білім беруді жаңартудың қажеттілігі туындап отыр.

Автор:
А.Е.АБУОВА, Алматы облыстық Ш.Смағұлов атындағы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі