24 июня 2011, 07:32 | 1 620 просмотров
Жолаушылар мен багажды тасымалдау қашанда кемшіліксіз жүзеге асқан емес. Жолаушылар тасымалдау барысында тасымалдаушылар мен жүргізушілер тарапынан жібер-
ілген кемшіліктер орны толмас олқылықтарға әкеп соғатыны белгілі. Жолаушы тасымалдауды кәсіп еткен тұлғалар адам өміріне, денсаулығына тікелей жауапкершілік артады.
Сол себептен де Өңіраралық көліктік бақылау күшейтіле түсуде. Көліктік бақылау шаралары тасымалдаушы көлік құралы мен жүргізушіні сан қырынан тексеру түрінде жүргізіледі. Жолаушылар тасымалдаушы көлік құралында өрт қауіпсіздігінің сақталуы, жүргізушінің демалыс және жұмыс режимін сақтауы, автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық байқаудан өтуі мен жүргізушінің рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуі тасымалданатын жолаушылар өмірі мен денсаулығының бірден - бір кепілі десек артық айтпаймыз.
Мемлекетіміздің осы жолаушылар қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында жолаушылар тасымалдаушыларды қатаң бақылауға алу үшін өкілеттік берген Өңіраралық инспекцияның осы бағыттағы іс-шаралары стационарлық және жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінде жалғасуда. Көліктік бақылау шараларына барынша қарсыласып бағатын тасымалдаушылар да жоқ емес.
Алайда, әрбір саналы азамат өз құқықтарымен бірге әсіресе, адам өмірі мен денсаулығына байланысты жауапкершілік міндеттерін де қатаң сақтауы тиіс.
Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы.