Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

51-ші Халықаралық олимпида Туы Алакөлде


22 октября 2009, 10:40 | 4 555 просмотров



Он екінші қазанда Алакөл ауданы Үшарал қаласында математика пәнінен 51-ші Халықаралық олимпиадасының Туын қабылдап алу құрметіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл жиын Үшарал қазақ гимназиясында өткізілді, себебі аталған білім ордасы аудандық, облыстық рейтинг бойынша алдыңғы қатарда, оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздары.

Бұл іс-шара – Қазақстанның еңсесін көтеріп, жарқын болашағына негіз болар жастарымыз үшін өздерін тағы да бір үлкен шыңнан көрсетер сәт.

Математика пәнінен 51-ші Халықаралық олимпиаданың Республикамыздың бас қаласы – Астанада өтуі біз үшін үлкен мәртебе.

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары – Меңлібаева Салтанат Дәулетхан-

қызы, Алакөл аудандық білім бөлімінің бастығы – Қсталасова Қоңыржай Жағыпарқызы және аудан намысын қорғап, облыс, республика көлемінде жүлделі орындарды иеленіп жүрген оқушылар мен маусымдық «Дарын» мектебінде білімдерін шыңдап, осындай дарынды оқушыларды баптап жүрген ұстаздар қатысты.

Математика пәнінен Халықаралық олимпиада Туын желбіретіп ұстау құрметіне Алакөл ауданының дарынды жастары, облыстық және республикалық олимпиада жеңімпаздары Үшарал қазақ гимназиясының 11-сынып оқушысы Қажыбасов Шыңғыс, 10-сынып оқушысы Нұрсиланов Айдар, №1 Үшарал орта мектебінің 10-сынып оқушысы Молдаханов Рауан, Абай атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Нұрмұханбетова Жанар ие болды. Осы оқушылар Халықаралық олимпиада Туын Талдықорған қаласына апарып табыс етеді.

Салтанатты жиында құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Меңлібаева Салтанат Дәулетханқызы, Алакөл аудандық білім бөлімінің бастығы Қсталасова Қоңыржай Жағыпарқызы, Ы.Алтынсарин атындағы медальдың иегері, ауданға еңбек сіңіріп жүрген озық математик ұстаз Жақыпбаева Күлмаш, Үш-

арал қазақ гимназиясының директоры Бекболатова Айгүл Нұрмұқашқызы, Үшарал қазақ гимназиясының 10-сынып шәкірті, аудандық, облыстық «Ұландар» бастауыш балалар ұйымының президенті Арғынғазинов Айбол сөйледі.

Жиын соңында гимназия оқушылары осы олимпиадаға қатысып, болашақта жетістіктер мен жеңістерге жете берсін деген ниетпен Халықаралық олимпиаданың Туын барлық сыныптарды аралатты.

Автор:
А.Тайботанова Алакөл аудандық білім бөлімінің әдіскері