Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ӘН ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ


15 июля 2011, 07:56 | 3 372 просмотра



Ән – әлемді танудың әмбебаб үлгісі. Әні жоқ өмірдің сәні де жоқ деп бекер айтылмаған. Адамзат баласы ықылым заманнан бері әннің әсері мен пайдасы жөнінде көп білген. Бүгінгі күні ән сабағынан дәріс беретін ұстаздар да балаға ән-әуен жөнінде білім бергенде алдына қояр анық мақсаттары мен бала мүмкіндіктерін жан-жақты ескеруі қажет.

Музыкалық қабілет – балалардың танымдық тәжірибе алуы, әуен әлемінен өздеріне жаналықтар ашып, ертеректе алған музакалық білімдерін жетілдіру, жаңашыл музыкалық аспаптармен орындау өнері түсінігін анықтайды.

Бұл қабілетті қолдану үшін, ең алдымен қарапайым әуендерді орындау, ұсынылған мәтінге әуен таба білу, түрлендіріп орындай алу, ұнаған ырғаққа қосылып билеу, әнге қосылу өнері, сараптай сынау және өз мақамына салып орындай алу сынды мүмкіндіктерді қолдану қажет.

Музыкалық-эстетикалық тәрбие мақсаты бала бойында жеке қабілеттерін дамыту, ән әлемін таныстыра отырып, баланың табиғи мүмкіндіктерін ашуды көздейді. Сондай-ақ, күнделікті сабақ барысында оқушылар ән мен әлем арасындағы тығыз байланыстың бар екендігіне көздерін жеткізудің де өзіндік мәні бар. Себебі, бала әннің күнделікті өмірде қаншалықты тиімді екенін түсіне алмаса, әнді сүйсіне орындауға ынталанбаса, әуен мен әнге деген қызығушылығы ортаяды.

Музыкалық қабілеттің психологиялық негіздері де бар. Бұл қабілет өз бойына ойлау мүмкіндігінің көңіл-күйімен тығыз байланысында көрініс табады. Нақтылық пен жалпылық, сезім мен логика, шығармашылық мүмкіндік пен шапшандық, шешім қабылдауда да тыңғылықты ойлануды ортақтастыратын бірден-бір қабілет түріне жатады. Ән әлемін тану - дамуға бетбұрыс. Ең алдымен, бұл баланың психикалық қасиеттерін, атап айтқанда, ес, ойлау, сөйлеу, байқағыштық, шапшандық, мақсаттылық, логика мен терең сезінуді барынша дамытады.

Ән әлемі әдебиетпен және көркемөнермен тығыз байланыста. Оқушыларды ынталандырудың да оңтайлы тәсілдерін таңдап, түрлі әдістемеліктерді қолдана отырып, ізденуші, шығармашылық тәжірибелерін кеңейтуге мүмкіндік беру қажет.

Бұл орайда бірнеше әдістікке жаратуға болады. Мысалы, жалпыға бірдей дидактикалық міндеттерді қолданған уақытта оқушының жекелей мүмкіндіктерін ескеріп, өзіне оңтайлы музыкалық репертуарын таңдап алуына, қосымша материалдар мен шығармашылығын жан-жақты дамытуына да ерекше ден қою, сонымен бірге сабақты да түрлендіре өткізудің өз пайдасы бар. Ойын сабақ, ертегі сабақтарын өткізу де өнімді әдіс. Бірнеше арнайы тапсырмалар дайындап, бала қабі-летіне сай сабақты әрі қызықты, әрі тартымды өткізудің жолдарын іздеген жөн.

Музыка пәні мұғалімі өз сабақтарында шығармашылық тапсырма бергенде де оқушының есту қабілетін, әуенге еліту, көркем ой, өз қиялы мен әуенге сүйіспеншілігін бір арнада ұстап, жасампаздық жолында жаңашылдыққа бет бұра бастауына барынша делдал бола білсе, ең бір биік белес – қызығушылық пен талаптануға жеткені.

Музыка шығармашылығының қызмет аясы кең. Оған ырғақты түсіну, жоғары әуен мен әмбебап орындалатын әуендердің әсерін тану, интонациялық түсіну қабілеті, орындау шеберлігі, әуенді қабылдау, вокалды және хормен орындауға қабілеттілік жатады. Оқушыларға берілетін тапсырмалар да аталған қабі-леттердің қарыштап дамуына барынша мүмкіндік беретіні белгілі. Сол себепті бірнеше әдістің түрін келтіре кеткенді жөн санадым.

Ырғақты дамытуға арналған тапсырмалар:

- арнайы ырғақпен айтылатын сөздер мен сөз тіркестерін ойлап табу;

- осы сөздердің ырғақтық мәнін аяқ соғу, алақан соғу, саусақтармен дыбыс шығара отырып жеткізу;

- жекелеген ән бөлігінің немесе ырғақтық бейнесін көрсету;

- түрлі жанрлық әуенге ырғақты аккомпанент табу;

- сұраққа сай ырғақты жауап табу;

Интонациялық есту қабілетін дамытатын тапсырмалар:

- музыкалық шығармада интонацияны белгілейтін тұстарын тауып, оны жеткізуге тырысу;

- түрлі сезімдерді жеткізу;

- музыкалық шығарма үзіндісіне аспаптық-ырғақты қосымша сүйемелдеуді ойлап табу;

- әуенің идеялық, әрі сезімге әсер ететін тұстарын ерекше көтермелеп көрсететін аспаптарды анықтау;

- жекелеген әуенге әдеби шығарма таңдап алу;

- әуенге бейнелер таңдап алу;

- таңдап алынған әуенге орай оның көркем сүретін салып шығу;

Орындаушылық қабілетін дамытуға ар-налған тапсырмалар:

- өлеңнің жеке фразаларын анықтау, олардың жекелей аспаптармен орындалуына жекелеген қасиеттерді анықтауға үйрету;

- өлеңнің кіріспесін орындату, бүкіл өлеңді орындау немесе жекелеген аспаптарда орындату.

Автор:
Толқын РАҚЫШЕВА, Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі